Шиелі ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы анықтама

Шиелі ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы анықтама 

Шиелі ауданының жалпы жер көлемі 3 239 755 га.

Қазіргі таңда аудандағы 39 елді мекенде барлығы 85935 адам тұрады. Оның ішінде кент орталығында 36574 адам, ауылдық елді – мекендерде 49361 адам тұрады.

2024 жылдың 1 қаңтарға ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы көрсеткіштері статистика органдарымен қортындыланды.

Жалпы экономикалық тұрғыдан алғанда ауданда тұрақты жағдай қалыптасты.

Қаржы-салық саясаты.

Кірістер бойынша:

Аудандық бюджеттің кірісі 2024 жылдың 1 қаңтарға болжамдалған                16 млрд. 456 млн. 619 мың теңгенің орнына 16 млрд. 972 млн. 980 мың. теңгеге немесе 103,1 пайызға, оның ішінде аудандық бюджеттің өз кірісі болжамдалған                4 млрд. 909 млн. 799 мың. теңгенің орнына 5 млрд.383 млн. 463 мың теңге болып 109,6  пайызға орындалды.

Шығыстар бойынша:

Аудан бюджеті 2024 жылдың 1 қаңтарға жалпы
16 млрд. 456 млн. 619 мың теңгеге жоспарланды. 12 айдың қорытындысымен              16 млрд. 417 млн. 862 мың теңгеге немесе 99,8 пайызға орындалды.

Өнеркәсіп өнімін өндіру.

Ауданның өнеркәсіп өнімдерін өндіруші мекемелері мен кәсіпорындары 2023 жылдың 12 айында 75 млрд. 230 млн. теңгенің өнеркәсіп өнімдерін өндірді, 2022 жылдың осы кезеңінің салыстырмалы бағасымен алғанда 129,7  пайызды құрады.

Өңдеу өнеркәсібі өнімі көлемі 35 млрд 27 млн. теңгеге жетіп, 171,3 пайызды құрады.

Негізгі капиталға салынған инвестицияның көлемі
47 млрд. 912 млн теңгені құрады немесе 2022 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 127,5  пайызды құрады.

Жалпы құрылыс жұмыстарының көлемі 18 млрд. 515 млн теңге болып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 228,9 пайызды құрады.

Жеке тұрғын үй құрылысы жалпы ауданы 68572 шаршы метрді құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 112,5 пайызды құрады.

Бөлшек сауда көлемі 14 млрд. 220 млн теңге болып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 108,4 пайызды құрады. 

Ауылшаруашылық саласы.

Аудан бойынша ауылшаруашылығы құрылымдары 49 млрд. 204 млн. теңгенің өнімін өндірді, 2022 жылдың осы кезеңінің салыстырмалы бағасымен алғанда 106,7  пайызды  құрады.

2024 жылдың 1 қаңтарға тірілей салмақта 5569,2 тонна ет, 21758,0 тонна сүт, 2728,5 мың дана жұмыртқа өндіріліп, тиісті кезеңмен салыстырғанда ет 102,3 пайызға, сүт 102,5 пайызға, жұмыртқа 89,9 пайызға  орындалған.

Мал шаруашылығы

         2024 жылдың 1 қаңтарға ірі қара 93336 басты, уақ мал 135061 басты, жылқы 24247 басты, түйе 1645 басты, құс 30079 басты құрап, тиісті кезеңмен салыстырғанда ірі-қара 117,5 уақ мал 116,1, жылқы 97,7, түйе 107,9, құс 92,7 пайызды құрады.

Шағын кәсіпкерлік.

2024 жылдың 1 қаңтарға ауданда тіркелген шағын және орта кәсіпкерліктің саны 6817 субъектіге жетіп, тиісті кезеңмен салыстырғанда 104,8 пайызды құрады. (жеке кәсіпкер-4224, шаруа қожалық-2033, заңды тұлға-560) Оның ішіндегі жұмыс жасап тұрған кәсіпкерлердің саны  6572-ты құрап, жұмыс жасап тұрған кәсіпкерлердің үлесі 96,4 %-ға жетті.

Әлеуметтік сала.

Статистикалық мәліметтерге сәйкес аудан бойынша статистикалық мәліметтерге сәйкес 36213 экономикалық белсенді халықтың 34406 адамы жұмыспен қамтылған. Жұмыссыздар саны 1807 адам, жалпы жұмыссыздық деңгейі 5,0 пайызды құрайды.

2023 жылы 3096 жаңа жұмыс орындарын құру жоспарланып, есепті мерзімге 3369 жаңа жұмыс орны ашылды немесе жылдық жоспар 108,8 пайызға орындалды

Дата публикации
18 января 2024