«Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, олардың пайдалану тәртібі мен шекті толу нормаларын, материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды, сондай-ақ пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы» Шиелі аудандық мәслихатының 2020 жылғы 25 маусымдағы №55/3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

ЖОБА

 

«Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, олардың пайдалану тәртібі мен шекті толу нормаларын, материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды, сондай-ақ пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы» Шиелі аудандық мәслихатының  2020 жылғы 25 маусымдағы №55/3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 Шиелі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. «Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, олардың пайдалану тәртібі мен шекті толу нормаларын, материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды, сондай-ақ пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы» Шиелі аудандық мәслихатының 2020 жылғы 25 маусымдағы 2020 жылғы 25 маусымдағы №55/3 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7558 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген шешімнің қосымшасында 1 - тарауының 1 - тармағының
1-2 тармақшалары жаңа редакцияда жазылсын:

«1. Шиелі ауданы аумағында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін мынадай арнайы орындар мен олардың шекті толу нормалары айқындалсын:

1) Жиналыстар, митингілер ұйымдастыру және өткізу үшін:

Шиелі кенті аумағында: «Қоқшоқы» елді мекені И.Әбдікәрімов көшесі № 11 ғимараттың алдыңғы алаң, шекті толу нормасы –200 адамға дейін;

Шиелі кенті аумағында М. Шоқай көшесі № 53 ғимаратының артқы алаңы шекті толу нормасы – 200 адам;».

«2) демонстрациялар, шерулер ұйымдастыру және өткізу үшін:

      Шиелі кенті аумағында: Н. Бекежанов көшесі №57 ғимараттан бастап (ескі №47 мектебінен) Н. Бекежанов көшесінің соңына дейін, шекті толу нормасы- 200 адамға дейін.».

         көрсетілген шешімнің қосымшасында: 3-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

         «3. Жаппай жерлеу орындарында, теміржол, су, әуе және автомобиль көлігі объектілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтарда, мемлекеттің қорғаныс қабілетін, қауіпсіздігін және халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдарға іргелес жатқан аумақтарда, Қазақстан Республикасы Президентінің  резиденциясына  іргелес жатқан аумақтарда, қауіпті өндірістік объектілерге және пайдалануы арнайы қауіпсіздік техникасы қағидаларын сақтауды талап ететін өзге де объектілерге іргелес жатқан аумақтарда, магистральдық теміржол желілерінде, магистральдық құбыржолдарда, ұлттық электр желісінде, магистральдық байланыс желілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтарда пикеттеуді өткізуге тыйым салынады.»;

         17-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

«17. Пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары мынадай болып айқындалсын:

1)  жаппай жерлеу орындарының іргелес аумақтың шекарасынан - 800 метр;

2) теміржол, су, әуе және автомобиль көлігі объектілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтардың шекарасынан - 800 метр;

3) мемлекеттің қорғаныс қабілетін, қауіпсіздігін және халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдарға іргелес жатқан аумақтардың шекарасынан - 800 метр;

4) қауіпті өндірістік объектілерге және пайдалануы арнайы қауіпсіздік техникасы қағидаларын сақтауды талап ететін өзге де объектілерге іргелес жатқан аумақтардың шекарасынан - 800 метр;

         5) магистральдық теміржол желілерінде, магистральдық құбыржолдарда, ұлттық электр желісінде, магистральдық байланыс желілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтардың шекарасынан -                         800 метр.».

  1. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

        Лауазым                                                                      Аты-жөні

 

 

Дата публикации
15 января 2024