Шиелі ауданының кент және ауылдық округтер елді мекендерінің жерлерін аймақтарға бөлу жобасын (схемасын), бағалау аймақтарының шекаралары және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерiн бекіту туралы

Жоба

 Шиелі ауданының кент және ауылдық округтер елді мекендерінің жерлерін аймақтарға бөлу жобасын (схемасын), бағалау аймақтарының шекаралары және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерiн бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 8-бабының 2-тармағына,
11-бабының 1-тармағына сәйкес Шиелі аудандық мәслихаты
ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Шиелі ауданының кент және ауылдық округтер елді мекендерінің жерлерін аймақтарға бөлу жобасы (схемасы) осы шешімнің 1 - қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  2. Шиелі ауданының кент және ауылдық округтер елді мекендерінің бағалау аймақтарының шекаралары және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерi осы шешімнің 2 - қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  3. Шиелі аудандық мәслихатының «Жерлерді аймақтарға бөлу жобасын (схемасын), бағалау аймақтарының шекараларын және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэфициенттерін бекіту туралы» 2012 жылғы 15 қарашадағы №9/9 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4373 болып тіркелген) шешімнің күші жойылды деп танылсын.
  4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Шиелі аудандық мәслихатының төрағасы

 

А. Жандарбеков

 

қосымша 1
Дата публикации
08 января 2024