Встреча акима района с населением в поселках и населенных пунктах в 2023 году по решению проблемных вопросов, поднятых в ходе ПЛАН ДЕЙСТВИЙ

Аудан әкімі Н.С. Ахатовтың 2023 жылы кент және елді мекендерде халықпен кездесуі

барысында тұрғындар тарапынан көтерілген проблемалық мәселелерді шешу жөніндегі

ІС-ҚИМЫЛ ЖОСПАРЫ 

№

Мәселелер тізбесі

Орындалу мерзімі

Орындалуы

 

ШИЕЛІ АУДАНЫ

1.         

Ақмая ауылдық округіндегі №49 орта мектеп ғимаратының жертөлесіндегі ыза суды тарту және тік дренажды ұңғыма орнату мәселесі жайлы

2023 жылғы

сәуір

«Қазсушар» ШЖҚ РМҚ-ның Қызылорда филиалының директоры Р.Ахметовке сұраныс беріліп, Ақмая ауылдық округіне 4 дана тік ұңғыма қазылуға сұраныс берілген.

2.         

Еңбекші ауылдық округіндегі дәрігерлік амбулаторияға жаңадан жедел-жәрдем көлігін алып беру жөнінде

2023 жылғы

шілде

Шиелі ауданы бойынша 3 дәрігерлік амбулаторияларға жаңадан жедел-жәрдем көлігін алып беру 2024 жылға жоспарланған

3.         

Алмалы ауылдық округінен жаңадан дәрігерлік амбулатория салу мәселесі

2023 жылғы

желтоқсан

Жоба-сметалық құжаттамасын әзірлеуге 187 мың теңге, жоба-сметалық құжаттамасын мемлекеттік сараптамадан өткізуге 459,3 мың теңге қаржы бөлінген.

4.         

Ақтоған ауылдық округінің айналасындағы 4100 гектар жерді халыққа қайтару мәселесі

2023 жылғы

шілде

«Шиелі аудандық жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мен «Досбол би» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі араларында жасалған Шиелі ауданы, Досбол би ауылы, «Нұртай базы» өңіріндегі кадастрлық нөмірі 10-154-039-657 болатын жалпы көлемі 225 гектарды құрайтын, жер учаскесіне уақытша өтеулі жер пайдалану құқығымен жалға беру туралы 11.07.2007 жылғы №494 шарты, «Шиелі аудандық жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мен «Досбол би» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі араларында жасалған Шиелі ауданы, Досбол ауылы, «Жыланды» өңіріндегі кадастрлық нөмірі 10-154-039-658 болатын жалпы көлемі 4 091 гектарды құрайтын, жер учаскесіне уақытша өтеулі жер пайдалану құқығымен жалға беру туралы 11.07.2007 жылғы №495 шарты, «Шиелі аудандық жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мен «Досбол би» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі араларында жасалған Шиелі ауданы, Досбол ауылы, «Сәрсен базы» өңіріндегі жалпы көлемі 396 гектарды құрайтын, жер учаскесіне уақытша өтеулі жер пайдалану құқығымен жалға беру туралы 11.07.2007 жылғы №496 шарты, «Шиелі аудандық жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мен «Досбол би» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі араларында жасалған Шиелі ауданы, Досбол ауылы, №1 мал азықтық ауыспалы егістіктегі кадастрлық нөмірі 10-154-039-420 санды, жалпы көлемі 432  гектарды құрайтын, жер учаскесіне уақытша өтеулі жер пайдалану құқығымен жалға беру туралы 11.07.2007 жылғы №497 шарты заңсыз, жарамсыз деп танылып, күштері жойылды.

5.         

Ақтоған ауылдық округіндегі №155 мектепке қосымша ғимарат құрылысы мәселесі жөнінде

2023 жылғы

желтоқсан

Ауылдық округке қарасты №155 Д.Шыныбеков атындағы орта мектепті типтік жобада қайта салу үшін Шиелі аудандық білім бөліміне ұсыныс айтылған, жоба сметалық құжаттары әзірленуде.

6.         

Телікөл ауылдық округіндегі дәрігерлік амбулаторияға жаңадан жедел-жәрдем көлігін алып беру жөнінде

2023 жылғы

шілде

Шиелі ауданы бойынша 3 дәрігерлік амбулаторияларға жаңадан жедел-жәрдем көлігін алып беру 2024 жылға жоспарланған. Биылға ескі жедел жәрдем көлігі берілген.

7.         

Бәйгеқұм ауылдық округіне жедел жәрдем автокөлігін және елді мекендегі емхана ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу мәселесі туралы

2023 жылғы

шілде

Шиелі ауданы бойынша 3 дәрігерлік амбулаторияларға жаңадан жедел-жәрдем көлігін алып беру 2024 жылға жоспарланған. Шиелі аудандағы «Шиелі аудандық көп бейінді орталық ауруханасы» ШЖҚ КМК – на қарасты Бәйгеқұм ауылындағы стационарлық бөлімшесінің  дәрігерлік амбулаториясымен бірлескен ғимараты 1982 жылы салынған, жалпы алаңы 2682,2 шаршы метр. Қазіргі уақытта 1,74 га алаңда тұр. Күрделі жөндеу жұмыстарына жоба-сметалық құжаттамасы әзірленді. Сараптамаға дейінгі  жобалық кұны -550,0 млн теңгені құрады.

8.         

Ортақшыл ауылдық округінен жаңадан дәрігерлік амбулатория салу мәселесі

2023 жылғы

желтоқсан

Шиелі ауданы, Ортакшыл ауылында дәрігерлік амбулатория құрылысы. Байланыстыру» жобасының жоба-сметалық құжаттамасын әзірлеуге 187 мың теңге,  жоба-сметалық құжаттамасын мемлекеттік сараптамадан өткізуге 459,3 мың теңге қаржы бөлінген.

9.         

Ортақшыл ауылдық округіндегі «L-5», «L-5-2» каналын қазу және елді мекен ішіндегі арықтарды тазалау жұмыстарын жүргізу жөнінде

2023 жылғы

шілде

Ортақшыл ауылдық округіндегі «L-5», «L-5-2»  каналдарын Қызылорда облысының табиғи ресурстар және Табиғат пайдалануды реттеу басқармасының ШЖҚ «Табиғат» КМК - ны теңгеріміне өткізу бойынша жұмыстар жасалып жатыр. Қазіргі таңда тазалау және аршу жұмыстары жасалынбаған.

10.       

Тартоғай ауылдық округіндегі Ш. Есенов атындағы №153 мектеп-лицейдің ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жоба сметалық құжаттарын сараптамадан өткізуге қаржы сұрау мәселесі

2023 жылғы

желтоқсан

Шиелі ауданы, Тартоғай ауылы №153 мектеп лицейі 2005 жылы пайдалануға берілді. Жобалық қуаты 464 орындық. Қазіргі таңда 432 бала білім алады. Жалпы алаңы 3880,3 м2. Мектеп пайдалануға берілген уақыттан бері күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілмеген. Соның негізінде, мектеп ғимаратының артқы оң жақ В блогының қабырғасы жарылған, оны тоқтату үшін іргетасын нығайтып, қабырғаға құрсау салу қажет. Кәріз жүйелері пайдалануға жарамсыз, ескірген. Оқушылардың күнделікті пайдалануынан әжетхана жүйес көтермей, жағымсыз иістер шығады. Ішкі кафель едендері, ішкі сылақтары түсіп, есік терезелері тозған, шатыр шиферлері жарылған, әр жерінен сынған, толығымен ауыстыруды қажет етеді. Ток сымдары ескірген, мектеп айналасындағы тротуар, бардюрларды жаңалау, мектеп айналасын асфальттау қажет, мектеп алаңының қоршауы стандарттық талапқа сай емес, толық қоршауын ауытыруды қажет етеді. Спорт алаңдары тозған, жылу трассасын ауыстыруды қажет етеді.  ЖСҚ жасалып, сараптамадан өту үшін облыстық білім басқармасына ұсынылды.  

11.       

Қоғалы ауылдық округіндегі «Жуантөбе-Қоғалы» жолын күрделі жөндеу мәселесі

2023 жылғы

желтоқсан

Аудандық маңыздағы «Ботабай-Жуантөбе» автомобиль жолын күрделі жөндеу жобасына байланысты жоба-сметалық құжаттары жасалып сараптама қорытындысы алынған. Жобалық құны
1 млрд 904 млн тегені құрайды. 24.11.2022 ж. Мел. Сараптамасы № ARCH-0041/22.

12.       

Бестам ауылдық округіндегі №205 орта мектебіне күрделі жөндеу жұмыстарына қаржы бөлу мәселесі туралы

2023 жылғы

шілде

Шиелі ауданы, Бестам ауылы №205 орта мектебі  2014 жылы қолданысқа берілді. Жобалық қуаты - 300 орындық. Оқушы саны - 412 бала. Мектептің ішінде III блокта  спортзалдың ұл балалар киім ауыстыру бөлмесінің 32,4 ш.м қабырғасы және асхана бөлігінің ыдыс жуу бөлмесінің 27,6 ш.м қабырғасы жарылып, құлау қауіпінде  тұр.Спортзал еденінің 520 ш.м ағаштарының шіріп, сабақ өту барасында кедергі келлтіреді. III блоктағы мектеп шатырының 55,2 ш.м жабындысын ауыстыру қажет, себебі төбесінің дұрыс жабылмау салдарынан құстардың ұя салуы немесе өлуі себебінен пайда болған жағымсыз иіс шығады. (Акт.залы, кітапхана бөлмесі) Сонымен қатар мектеп шатырын толықтай ауыстыру, суағарларын жаңалау, ішкі еден төсеніштерін ауыстыру, ішкі қабырғаларын сылау, ішкі есіктерді, раковина, су жүйелерін жаңалау жұмыстары. ЖСҚ жасалып, сараптамадан өту үшін облыстық білім басқармасына ұсынылды.  

13.       

Бәйгеқұм ауылдық округі «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» автодәлізінің бойынан бейне бақылау камерасын орнату және түнгі жарық шамдарды көбейту жөнінде

2023 жылғы

желтоқсан

Бейне бақылау камерасы және түнгі жарық шамдары орнатылды

14.       

Бәйгеқұм ауылдық округінің ішкі жолдарын күрделі жөндеуден өткізу мәселесі

2023 жылғы

желтоқсан

«Ауыл-Ел бесігі» арнайы жобасы аясында ағымдағы жылы  4 көшесіне 59,2 млн теңге қаржы қаралып орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді.

15.       

Жөлек ауылдық округі бойынша кенені улау мәселесі бойынша

2023 жылғы

қазан

Жөлек ауылдық округі қолайсыз аймақ тізіміне енгізілмегендіктен биылғы жылға залалсыздандыру жұмыстары қарастырылмаған. Елді мекенді заласыздандыру жөнінде аудандық СЭС, аудандық ветеринария станциясына және Қызылорда облыстық обаға қарсы күрес мекемесіне хаттар жолданған.

Алдағы уақытта 2024 жылғы көктем айларында залалсыздандыру жұмыстарын жүргізу жоспарына (картасына) енгізілетін болады.

Оған қарамастан елді мекен тұрғындары өз қаражаты есебінен малдарын улаған.

16.       

Жаңатұрмыс ауылдық округіндегі құрылысы басталған жаңа мектептің сапалы салынуы және мерзімінде берілуі туралы

2023 жылғы

тамыз

Байсын елді мекеніндегі жоба құны 853,4 млн теңге болатын 250 орындық мектептің құрылыс жұмыстары толығымен аяқталып, аталған нысанды аймақ басшысы ауданға іс-сапары барысында ашып, пайдалануға берілді.

17.       

Шиелі кентінен заман талаптарына сәйкес дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салу жөнінде

2023 жылғы

тамыз

«Ауыл-Ел бесігі» жобасы аясында құрылысы 2022 жылы басталған Шиелі кентіндегі дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің өтпелі құрылысына жалпы 583,4 млн теңге қаралған. (ҰҚ-528,2 млн.тг ОБ-55,2 млн.тг) 2023 жылға құрылысын аяқтауға облыстық бюджеттен 55,2 млн теңге бөлініп, қазіргі таңда құрылыс жұмыстары аяқталып, аталған нысанды аймақ басшысы ауданға іс-сапары барысында ашып, пайдалануға берілді.

18.       

Шиелі кентінде тұрғын үй мәселесі туралы

2023 жылғы

тамыз

Тұрғындарды баспанамен қамту мақсатында ауданымызда «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында Көкшоқы мөлтек ауданында 18 пәтерлі 4 тұрғын үй құрылысына 833 млн теңге қаржы бөлініп, құрылыс жұмыстары толық аяқталды. Бұл нысан басшысының ауданға іс-сапары барысында ашып, тұрғындарға кілті табысталды. Шиелі ауданындағы халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарына арналған 50 тұрғын үйлерді сатып алуға республикалық бюджеттен 480,0 млн теңге, облыстық бюджеттен 26,8 млн теңге қаржы қаралды. 2023 жылдың желтоқсан айында пайдалануға берілді.

19.       

Сұлутөбе а/о «Раушан» балабақшасына жөндеу жұмыстарын жүргізу мәселесі

2023 жылғы

қыркүйек

КМҚК «Раушан» бөбекжай-бақшасы» 1967жылдан бері жұмыс жасап келеді. Балабақша 50орынды,2-топ жұмыс жасайды, 50 бала тәрбиеленуде; қызметкерлер саны-18 ,педагог саны-6, кіші қызметкерлер саны-12 Соңғы  күрделі жөндеу  жұмысы 2008 жылы қаржысы 5 млн теңге шатыры  ауыстыру, жылуды орталықтандыру жұмыстары жасалған. Қазіргі таңда балабақша ғимараты заман талабына сай келмейді,есік-терезелері ескірген,бұрынғы ескі ағаш терезелер мен есіктер дұрыс жабылмайды, топ бөлмесінің және жуыну  бөлмесінің потологы майысып құрсаумен уақытша байланып тұрғанын  мәлімдеймін. Аудандық санитарлық- эпидемилогиялық бақылау басқармасы ескерту жасап шара қолданды. Мамандарға арнайы  бөлме қарастырылмаған, логопед маманға берілген  кабинет жабдығын толық жасақтау үшін орын  болмағандықтан топтың «топ бөлмесіне» орналастырылды. Азық-түлікті де сақтайтын  арнайы  қойма жоқ, әдістеме бөлмесіне азық-түліктерді, ауыспалы төсек-жабдықты да сақтап отырмыз. Ауладағы сарай мен кір жуу бөлмесі де күрделі  жөндеуді қажет етеді, төбелері майысып, шатырлары  тозған. Ойын алаңындағы ағаш сәкі мен үйшіктер де ескірген. «Раушан» бөбекжай-бақшасы ғимаратына күрделі жөндеу жұмысын жүргізу мақсатында жобалау сметалық құжаттарын рәсімдеу 4,4 млн теңге көлемінде  қаржыға есептелді. ЖСҚ жасалып, сараптамадан өту үшін облыстық білім басқармасына ұсынылды. 2023 жылға жай жөндеу жұмытары қызметкерлер күшімен жүргізілген.

20.       

Сұлутөбе а/о №41 М.Шоқай атындағы мектепке жай жөндеу жұмыстарын жүргізу мәселе

2023 жылғы

қыркүйек

2023 жылға жай жөндеу жұмытары қызметкерлер күшімен жүргізілген. Күрделі жөндеу жұмыстарына ЖСҚ жасақталауда

21.       

Сұлутөбе а/о жабық спорт кешенін салу мәселесі

2023 жылғы

желтоқсан

Білм беру мекемесінің ережесіне сәйкес, тиісті секцияларды ұйымдастыру жоспарлануда.

22.       

Қоғалы а/о 3 скважина орналастыруға ЖСҚ
(24 млн теңге) дайындалып Облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына бюджеттік өтінім берілді. Облыстық бюджеттен қаржысын бөлуіне ықпал жасау мәселесі

2023 жылғы

қыркүйек

"Қызылорда облысы , Шиелі ауданы, Тұрсынбай датқа елді мекенінде су құбыры ұңғымасын, су айдаушы мұнара, су жинағыш, және алаңішілік желілер салу" жобасына жоба-сметалық құжаттары әзірленіп, сараптама қорытындысы алынды. Жоба құны 405,8 млн теңгенң құрайды. Сараптама қрытындысы 06.12.2023ж. №19-0415/23

23.       

Құрманғазы көшесіне жабық спорт кешенін салу мәселесі

2023 жылғы

желтоқсан

«Ауыл-Ел бесігі» жобасы аясында Шиелі кентінде салынатын спорт комплексінің құрылысына 2024 жылға республикалық бюджеттен 50 млн теңге қаржы қаралған.

24.       

№219 «Ыбырай Алтынсарин» атындағы мектепті күрделі жөндеу мәселесі

2023 жылғы

желтоқсан

Шиелі кенті, №219 орта мектебі 1987 жылы пайдалануға берілді. Жобалық қуаты 900 орындық. Қазіргі таңда 1150 бала білім алады. Мектепке 2013 жылы күрделі жөндеу жүргізілген. Қазіргі таңда ғимарат ескіріп, төмендегідей жұмыстарды қажет етеді: Мектеп ғимаратының сыртындағы кірпіштер мүжіліп, аралары ашылып тұрғандықтан мектеп сыртын толықтай қаптауды; Сыртқы трансформатордың шатыры тесіліп, оқушылардың қауіпсіздігі үшін темір қоршаумен қоршалануды; Жылу қазандығына шатыр орнатып,  мектептің кейбір шатырлары тесіліп қатты желдің салдарынан ұшып толықтай қайта ауыстыруды; Мектептің ішкі және сынып бөлмелерінің  электр сымдары және жарық шамдары ескіріп ауыстыруды; Сынып бөлмелерінің  төсеніштері (линолеум) қайта- қайта жыртылып, жарамсыз болып оқушыларға кедергі келтіруде. Сынып бөлмелерін ағаш еденге толықтай ауыстыруды; Сынып бөлмелерінің қабырғалары, сыртқы фундаменттері құзданып, мүжіліп сылауғада жарамай , кейбір ішкі жылу трубаларыда жарылып, ауыстыруды; Мектептің алдыңғы бөлігіне суағар орнатуды; Қосымша мектеп ауласын көркейту, көгалдандыру жұмыстары қажет етеді. ЖСҚ жасалып, сараптамадан өту үшін облыстық білім басқармасына ұсынылды.

25.       

Ауданнан мәйітхана бөлімшесін қайта ашу мәселесі

2023 жылғы

желтоқсан

Жаңадан салынған Шиелі аудандық көпбейінді орталық ауруханасында мәйітхана бөлімшесі бар болғанмен, қазіргі таңда арнайы маман жоқ (Суд.медэксперт дәрігері).

26.       

Сұлутөбе ауылдық округінің ішкі жолдарын жөндеу мәселесі

2023 жылғы

желтоқсан

Сұлутөбе елді мекеніндегі Мақсұт Тоқмағамбетов көшесін күрделі жөндеуге 241,3 млн теңге қаржы бөлінген.

27.       

Жөлек ауылдық округінен жаңадан бала бақша салу мәселесі

2023 жылғы

желтоқсан

Қызылорда облыстық құрылыс басқармасына ұсыныс беріліп, 90 орындық балабақша салу жөнінде ЖСҚ даярланып, мемлекеттік сараптамаға енгізілген.

28.       

Еңбекші ауылдық округі, Қосүйенкі елді мекенінің жарықтандыру мәселе 

2023 жылғы

желтоқсан

Еңбекші, Қосүйеңкі елді мекендерінің сыртқы электрмен қамту желілерінің қайта құрлымдауға жоба-сметалық құжаттарын әзірлеп, сараптама қорытындысын алуға қаржы қаралатын болады

 

Дата публикации
08 января 2024