«Шиелі ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін
белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» 2023 жылғы 14 қарашадағы №7/5 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Шиелі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Шиелі аудандық мәслихатының 2023 жылғы 14 қарашадағы № 7/5 шешімімен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8468-11 болып тіркелген) қосымшасына келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
2 тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган – «Шиелі ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi;»
5 тармақтың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Мереке және мерекелік күндеріне әлеуметтік көмек бір рет ақшалай төлем түрінде келесі санаттағы азаматтарға көрсетіледі:»
5-тармақ мынадай мазмұндағы 3) және 4)-тармақшалармен толықтырылсын:
«3) 25 қазан – Республика күні:
мүгедектігі бар адамдар мен мүгедектігі бар балаларға – 3 (үш) айлық есептік көркеткіш мөлшерінде.
4) 15 ақпан Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күні:
Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылғандығына 35 жыл толуына орай 2024 жылы – 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде»
6 тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) Санаторий-курорттық емделуге бірінші топтағы мүгедектігі бар адаммен ілесіп жүретін адамға жан басына шаққандағы орташа табысы есепке алынбай Үлгілік қағидалардың 12-тармағында көрсетілген құжаттарды қоса ұсына отырып, өтініш негізінде 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.»
|
Лауазымы |
|
Аты-жөні |