2023 жылдың IV тоқсаны бойынша ауыл шаруашылығы және жер қатынастары саласы бойынша атқарылған жұмыстар

 2023 жылдың IV тоқсаны бойынша ауыл шаруашылығы және жер қатынастары саласы бойынша атқарылған жұмыстар 

Аудан бойынша 2023 жылдың IV тоқсанында ауыл шаруашылығы саласы бойынша 42 млрд 054 млн 600 мың теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 103,4%-артты.

Оның ішінде егін шаруашылығы бойынша 29 млрд 233 млн 700 мың тенге өндіріліп, тиісті кезеңмен салыстырғанда 104,0%-ға,  мал шаруашылығы бойынша 12 млрд 471 млн 500 мың тенгенің өнімі өндіріліп, 101,9%-ға артқан. 

Мал шаруашылығы

Агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың негізгі индикаторларының іс-шара жоспарына сәйкес мал шаруашылығын дамыту бағытында бірқатар жұмыстар атқарылуда.

Аудан бойынша  2023 жылдың 1желтоқсанына барлық төрт түлік мал саны: ірі қара -93261бас (104,6%), қой мен ешкі– 136197 бас (108,4%), түйе –1702 бас (102,8%), жылқы – 24441 бас (107,3%), құс – 30079 басты құрады.

Төрт түлік мал басының артуына байланысты өңдірілген өнімдерде өсім тиісінше, алынған өнім (тірілей салмақта) 5051,8 тонна ет (102,4%), 19832,0 тонна сүт (102,3%) өндірілген.

Егін шаруашылығы 

Шиелі ауданы бойынша ағымдағы жылы 30 792 гектарға егін орналастырылды. Негізгі дақыл күріштің үлесі - 13 176 га.

/Анықтама үшін: күздік бидай 1 387 га, жаздық бидай 240 га, тары 240 га, дән жүгері 103 га, мақсары 877 га,  жаңа жоңышқа-3 421 га, ескі жоңышқа 5 584 га, күнбағыс 15 га, мал жемдік асқабақ 201 га, жемдік жүгері 71 га сондай-ақ, картоп 1 223 га, көкөнiс 1 818 га және 2 436 га бақша дақылдары егілген./

Аталған егіске 14 335 тонна минералдық тыңайтқыш пен
12 045 литр арамшөптерге қарсы гербицид қолданылды.

Бүгінде, егілген барлық егіс толықтай жиналды. Жоспарлы
10 700 гектар сүдігер айдалып, 848 гектар жерге күздік бидай егілді.

Өткен жылдың күзінде егілген 1387 га күздік бидай толығымен жиналып, орта өнім 12 центнерден, жалпы 1664 тонна бидай жиналды. 240 га жаздық бидайдан 96 тонна өнім жиналды.

877 га мақсарыдан 789 тонна өнім алынды. 103 га егілген жүгері дақылынан 309 тонна, 71га сүрлем жүгеріден 178 тонна өнім алынды, 240 га тарыдан 840 тонна (35ц/га) және 15 га күнбағыстан 45 тонна (30ц/га) өнім алынды.

1818 га көкөніс, 2436 га бақша және 1223 гектар жерге егілген картоп дақылдары толық жиналды. 1818 гектар көкөніс дақылдарынан 59 085 тонна, 2436 гектар 85 260 тонна және 1223 гектар картоп дақылынан 37 913 тонна өнім өндірілді.

Биылгы жылы облыс әкімінің тапсырмасына сайкес, аудан бойынша азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен әр тұрғын өзін-өзі бақша өнімдерімен қамту мақсатында 1520 гектар қосымша жер ашылып, тұрғындар тарапынан көкөніс, бақша  дақылдары егілді. Оның ішінде 406 гектары картоп, 527 гектары көкөніс және 587 гектары бақша дақылдарының үлесінде. Бүгінде өнімдер толық жиналып жоғары өнім алынды. (орта өнім 250-300 ц/га).

Күріш дақылын жинау жұмыстары да аяқталды. 13 176 гектар күріштің әр гектарынан 56 центнерден өнім келіп, жалпы 73 786 тонна сыр салысы өндірілді.

Шиелі ауданы бойынша 2024 жылғы егін науқанына судың тапшылығын ескере отырып, 29 929 гектар жерге егін орналастыру жоспарлануда. Негізгі дақыл күріштің көлемі 11 000 гектар.  Сондай-ақ, әртараптандыру дақылдарына аса мән беріліп, бидай 1421 гектарға, тары мен жүгері 1150 гектарға, майлы дақылдар 850 гектарға, мал азықтық дақылдар 10023 гектарға және картоп, көкөніс, бақша дақылдары 5485 гектарға ұлғайту көзделуде.

Мал азығы қорын жасақтау үшін шөп дайындау жоспары
158,4 мың тонна болса, 164,8 мың тонна шөп жиналды, (104%) оның ішінде 63 021 тоннасы жоңышқа шөбі.

Қысқы мал азықтық қорына жоспарлы 36,4 мың тонна жемнің
37,6 мың тоннасы (103,3%) дайын. Жоспарлы 32,7 мың тонна сабанның 34,2 мың тоннасы (104%) дайын. 

Ауыл шаруашылығы техникалары

Ауыл шаруашылық құрылымдары бүгінде жаңа үлгідегі МакДон, Джон Дир, Класс, Енисей, Есіл маркалы соңғы үлгідегі ауыл шаруашылық технологияларымен толыққан.

Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің қолында бүгінде күзгі дала жұмыстарына 331 дана трактор, 117 дана  комбайн,  63 дана жатка,
52 дана автомашина және 164 дана трактор тіркемесі қатысты.

Жалпы аудан бойынша кейінгі 4 жыл көлемінде отандық және шетелдік техникалармен 63%-ға техника паркі жаңарды.

2023 жылдың ІІІ тоқсанында ауданға ауыл шаруашылығы құрылымдары жаңадан 4 Комбайн, 2 жүк тиегіш және 10 трактор әкеліп, бүгінде ауданға 1 млрд 177 млн теңге инвестиция тартылды. Былтырғы жылдан 2,7 есе артып отыр.

Жер саласы бойынша 

         Шиелі ауданы аумағынан жер учаскелерін өздеріне тиесілі жерге қосымша табыстау, нысаналы мақсатын өзгерту бойынша 86 жер телімі ауыстырылды, жер учаскесін сатудан  (303101) кодына  бюджетке 47 176 049 теңге түсім түссе, ал кәсіпкерлік мақсатындағы жалпы көлемі- 23,824 га, 30-жер учаскелеріне аукцион өткізудің нәтижесімен (303101 және 303202) кодтары бойынша бюджетке 58 781 232 теңге түсім түскен.

Жерге орналастыру жобасын бекіту, жер учаскесінің көлемін қайта бекіту, жер учаскесінің бөлінетінін танып беру, жер учаскесін екіге бөлу, жер учаскесін біріктіру туралы жыл басынан бері барлығы -526 бұйрық қабылданған.  Бас тартылған қызметтер жоқ. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер ішінде: жер бөлімімен көрсетілетін қызметтің 13 түрі мемлекеттік корпорация арқылы көрсетіліп келеді.

Шиелі кентінен жер телімін алуға ниетті азаматтар тізімі бүгінгі таңға нақтыланып, 10231-і (31.12.2023 ж. жағдайында) құрап отыр, яғни жылдың басынан бері - 586 азамат кезектілікке тұрған.

         Шиелі кентіндегі арнайы жер кезегіне тұрған азаматтардың өтініштері тым көп болуынан, өтініш иелері келісім берген жағдайда инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген кентке жақын ауылдық округтерден жер учаскесін табыстау мүмкіндіктері қарастырылуда.

Жыл басынан ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлерге конкурс өткізіліп, шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі жер комиссиясының қорытынды хаттамасы негізінде жалдау құқығымен
6 тұлғаға жалпы көлемі-488 га, 6-жер учаскесі табысталды.

Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы жерлердің басымдығы негізге алына отырып, 2023 жылдың 12 айында 21 тұлғадан 25 жер учаскесі жалпы көлемі – 15425,5 гектар жер телімі мемлекет меншігіне қайтарылды.

Бөлім тарапынан жоғарыда аталған жұмыстар алдағы уақытта да қарқынды жүретін болады.  

Шиелі ауданы бойынша «Балық шаруашылығындамыту мәселері» туралы 

ҚР Премьер-Министрі А.Ұ. Маминнің төрағалығымен өткен ҚР Үкіметі отырысының 2020 жылғы 18 тамыздағы №28 хаттамасының 2.2-тармағымен белгіленген тапсырмасына сәйкес, 2020 жылдың 30 қазанында Қызылорда облысы әкімдігінің №127 қаулысымен «Балық шаруашылығын дамытудың 2021-2030 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасы»  бекітілген болатын.

Өңірлік бағдарламасының іс-шаралар жоспарына сәйкес Шиелі ауданы бойынша 17  (он жеті) (Қырыққұмалақ, Ошақты, Қараой, Қарақуыс, Қарақұм, Домалақ, Сасықкөл, Таушұқырой, Ахметкөл, Әсеткөл, Тарша, Тауық, Сарыкөл, Сарыкөл 2, Жамайка, Үлкен Барша, Итатқан) көл  тауарлы балық шаруашлығына толығымен өтті. Сонымен қатар, іс-шара жоспарының 32 тармағын (Қызылорда облысының балық шаруашылығын дамыту үшін ЖСҚ әзірлеу және электр желілерін жүргізу) орындау мақсатында  аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімімен аталған көлдерге электр көздерін қай жерлерден алу мәселелері және көл мен алатын электр желісінің бағаналарының ара қашықтары есептеліп, 2023 жылға бюджеттік өтінім беріледі.

Атап айтсақ:

«Қырыққұмалақ» көлі – Шиелі кентінен 8 шақырым жерде орнадасқан аумағы 40 га, су алу жүйесі Л-1 каналы, көлдің жалпы сыйымдылығы 3,27 млн³ 

«Ошақты» көлі - Ауданнан 26 шақырым жерде орналасқан, аумағы 52 га, су алу жүйесі - Қамыстықақ каналы. Көлдің жалпы сыйымдылығы – 2,11 млн³.

«Қараой» көлі - Ауданнан 19 шақырым жерде орналасқан, аумағы 50 га, су алу жүйесі - Р-7 каналы. Көлдің жалпы сыйымдылығы – 6,49 млн³.                 «Қарақуыс» көлі - Ортақшыл  37 шақырым жерде орналасқан, аумағы 150 га, су алу жүйесі – Күміскеткен сағасы.Көлдің жалпы сыйымдылығы – 6,2 млн³.               «Қарақұм» көлі - Шиеліден 4 шақырым жерде орналасқан, аумағы 15 га, су алу жүйесі - Р-12 каналы. Көлдің жалпы сыйымдылығы – 3,59 млн³.           «Домалақ» көлі - Ауданнан 3 шақырым жерде орналасқан, аумағы 90 га, су алу жүйесі - К-3 каналы. Көлдің жалпы сыйымдылығы – 6,47 млн³.                    «Сасықкөл» көлі -  Ауданнан 14 шақырым жерде орналасқан, аумағы 46 га, су алу жүйесі - Р-8 каналы. Көлдің жалпы сыйымдылығы – 7,11 млн³.     «Таушұқырой» көлі - Ауданнан 60 шақырым жерде орналасқан, аумағы 200 га, су алу жүйесі – Жаңа Бестам каналы. Көлдің жалпы сыйымдылығы – 4,30 млн³.     «Ахметкөл» көлі - Тартоғай  60 шақырым жерде орналасқан, аумағы 30 га, су алу жүйесі - Нәнсай каналы. Көлдің жалпы сыйымдылығы – 6,28 млн³.               «Әсеткөл» көлі -  Ауданнан 35 шақырым жерде орналасқан, аумағы 38 га, су алу жүйесі - О-1 каналы. Көлдің жалпы сыйымдылығы – 1,56 млн³.                  «Тарша» көлі -  Шиеліден 43 шақырым жерде орналасқан, аумағы  60 га, су алу жүйесі - Ботабай каналы. Көлдің жалпы сыйымдылығы – 5,31 млн³.           «Тауықкөл» көлі - Шиеліден 7  шақырым жерде орналасқан, аумағы 15 га, су алу жүйесі - Р-12 каналы. Көлдің жалпы сыйымдылығы – 0,56 млн³.            «Сарыкөл» көлі - Ауданнан 36 шақырым жерде орналасқан, аумағы 30 га, су алу жүйесі - Р-7 каналы. Көлдің жалпы сыйымдылығы – 2,22 млн³.     «Сарыкөл 2» көлі - Ауданнан 43 шақырым жерде орналасқан, аумағы 37 га, су алу жүйесі - Күміскеткен каналы.Көлдің жалпы сыйымдылығы–3,01 млн³.         «Жамайка» көлі - Ауданнан 30 шақырым жерде орналасқан, аумағы 110 га, су алу жүйесі - Қамыстықақ каналы. Көлдің жалпы сыйымдылығы – 5,50 млн³.             «Үлкен Барша» көлі - Ауданнан 50 шақырым жерде орналасқан, аумағы 150 га, су алу жүйесі – Шиели Телкөл каналы. Көлдің жалпы сыйымдылығы – 9,64 млн³.              «Итатқан» көлі - Ауданнан 90 шақырым жерде орналасқан, аумағы 35 га, су алу жүйесі – Нәнсай  каналы.Көлдің жалпы сыйымдылығы – 3,73 млн³.                                        Бағдарламаның іс-шара жоспарының 12 тармағындағы «Шарбақтық тауарлы балық өсіру» шаруашылығын құру бойынша  2023 жылға аудан бойынша «Сүйіндік» шаруа қожалығы  С. Аманжолов ашуды жоспарлауда. Қазіргі таңда ашуға дайындық жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі уақытта, Жамбыл облысынан                 10 млн сазан балығының личинкаларын (ділнәсіл) әкеліп үй ауласындағы тоғанға салу жұмыстары жүргізілді.

         Ауданда балық шаруашылығын дамыту бағытында жаңадана тоған балық шаруашылығы мен «Әбдіғаниев» шаруа қожалығы  Мұрат Сақтағанов айналысуда. Қазіргі таңда,  толық қанды іске қосылды.

         Сонымен қатар, тоған балық шаруашылығы мен «Сүйіндік» шаруа қожалығы Сүйіндік Аманжолов айналысуда.

2022 жылдан бастап тауарлы балық шаруашлығына өткен табиғат пайдаланушылар балық өнімінің көлемін көбейтіп мемлекет  тарапынан көмек ала алады. Сонымен қатар ауданда балық өсіру кәсібімен айналысатын                   БақытжанАнафияев үй ауласынан жасанды шағын көл жасап балық өсіруде. Жасанды шағын көлде қазіргі таңда 10-нан  аса  балық түрлері өсірілуде. Атап айтсақ: Амур, Бекре, Сазан, Толстолоб, Карась, Карп, Судак және т.б. түрлері өсірілуде.

Сонымен қатар,   ауданда үй жағдайында Африкалық  лаха  балығын өсіріп жатқан ЖК «Жаннұр»  басшысы Халиев Мурат балық шаруашылығын дамытуда, қазіргі таңда 3000 мың (шт) балық шабақтары бар.

         Керделі ауылдық округіне қарасты «Сүйіндік» шаруа қожалығы «Вейс»,«Амур»  инкубатор аппаратымен    балық шабақтарын көбейтуде.

Күріштік алқаптарда қалған балық шабақтарын құтқару жұмыстары

Қызылорда облысы әкімінің бірінші орынбасары С. Қожаниязовтың 2023 жылға арналған облыс көлеміндегі күріштік алқаптарда қалған  балық шабақтарын құтқару шарасының іс-шаралар жоспарына сәйкес, аудан көлемінде құтқарылатын балық шабақтарының саны 1200000 дана болып бекітілген. Аталған іс-шара жоспарына сәйкес, ауданымызда орналасқан ауылдық округі әкімшіліктеріне күріштік алқаптар, каналдар мен қашыртқылардан бөлектенген су айдындарында  қалған балық шабақтарын құтқару жұмыстары бойынша бригада жасақтап, техника, құрал жабдықтар мен қамтамасыз ету және құтқарылған балық шабақтарын өздеріне жақын маңайда орналасқан көлдер мен Сырдария өзендеріне жіберу жұмыстары тапсырылды. Қазіргі уақытта    күріш алқаптарынан аудан бойынша 1201000 дана балық шабақтары құтқарылып, Сырдария өзені, және ауданымызда орналасқан балық шаруашылығы маңызы бар су айдындарына (атап айтқанда, «Домалақ» көліне,  «Қарақұм» көліне, «Қалғандария 3» көліне, «Үлкенбарша» көліне, «Ошақты» көліне, «Ащыкөл» көліне, «Қарақуыс» көліне, «Жамайка» көліне, «Құмшұқырой» көліне, «Қырыққұмалақ» көліне, «Сасықкөл» көліне, «Әсеткөл» көліне, «Сарыкөл 1» көліне, «Сарыкөл 2» көліне, «Қасқакөл» көліне, «Таушұқырой» көліне, «Қараой» көліне, «Кривое» көліне және резервтегі су айдындары «Дамир» көліне, «Ербол» көліне) жіберілді. Аталған іс-шараға сәйкес, аудан көлеміндегі балық шабақтарын құтқару жұмыстары жалғасуда.

2023 жылы ауданға келген насос қондырғылары туралы ақпар

2023 жылы елді мекендерді  аяқ сумен қамтамасыз ету мақсатында «Облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының» тарапынан 14 дана насос қондырғылары берілді. Оның ішінде,  Қоғалы ауылдық округіне 4 дана KY-560 дизельді, Бестам ауылдық округіне             3 дана дизель, Тұран ауылдық округіне 2 дана электр, Бәйгеқұм ауылдық округіне 1 дана дизель, Еңбекші ауылдық округіне 2 дана дизель және Жөлек ауылдық округіне 1дана электр, 1 дана дизелді  насос қондырғылары беріледі.

Шиелі ауданыбойынша  Қызылорда облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының, шаруашылық жүргізу құқығындағы «Табиғат» мекемесінің тарапынан 2022-2023  жылдары қазылған және  қазылатын каналдар тізімі 

  1. Еңбекші ауылдық округі, Қосүйеңкі елді-мекенін аяқ сумен қамтамасыз ету мақсатында 2022 жылы 2-2-2 каналына жоба-сметалық құжаттамалары әзірленіп, Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Табиғат» мекемесі тарапынан 92 млн теңге қаржы бөлініп 23 шақырымына механикалық тазалау жұмыстары жүргізілді.
  2. Жиделіарық ауылдық округінде орналасқан «Күзембай» каналы Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Табиғат» мекемесінің теңгерімінде. Қазіргі таңда 1 млн теңгеге 2,5 шақырым каналдың жоба-сметалық құжаттары дайындалды. Ендігі кезде қазу жұмыстарына қаржы бөлуді қажет етеді.
  3. Тартоғай ауылдық округіне қарасты «Балтабай» каналы ұзындығы               12 шақырым құрайды. Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Табиғат» мекемесінің теңгерімінде. Қазіргі таңда жоба-сметалық құжаттарын дайындауға2 млн 800 мың тг бөлінген. Қазіргі  таңда, қазу, тазалау жұмыстары басталды.
  4. Шиелі кентінің аумағына Сырдария өзенінен 22 бекет каналы арқылы келетін, кент тұрғындарын аяқ сумен қамтамасыз етіп отырған, «Базар» және «Байсары» арықтары Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Табиғат» мекемесінің теңгерімінде. «Базар» арығының жалпы ұзындығы 8400 метр, 2016 жылы 2886 метріне темір бетонды науа (латок) салынған. Бетонды науа салынбаған жері 5514 метр. «Байсары» каналының жалпы ұзындығы             2881 метр, 2017 жылы 1949 метріне темір бетонды науа салынған.  Бетонды науа салынбаған жері 932 метр. Жалпы «Байсары» және «Базар арығы» каналдарының бетонды науа салынуды қажет ететін ұзыныдығы 6446 метрді құрайды.

Қазіргі таңда «Базар» каналының темір бетонды науа орнатылмаған бөлігіне  Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы арқылы 2023 жылға бетонды науа (бетондауға) жұмыстарына жоба- сметалық құжаттарын әзірлеуге 5 млн 600 мың тг, «Байсары» каналының  жоба-сметалық құжаттарын әзірлеуге 3 млн тг қаражат бөлінген.

Жоба-сметалық құжаттары дайындалып жатыр, сараптама жұмыстары жүргізілгенен кейін  қазу, тазалау және бетондау жұмыстарына толық қаражаты белгілі болады. 2023 жылы бөлінген жағдайда қазу, тазалау және бетондау жұмыстары басталады.  Осыған орай,  қалған  бетонды науа салынбаған                 6446 метр жерге науа салынатын болады.

  1. Қоғалы ауылдық округіне қарасты «Жаңаарық» каналы ұзындығы 16 шақырым, облыстық коммуналдық меншікте. Қазіргі таңда жоба-сметалық құжаттары дайындалып. Аталған су нысанын жүзеге асыруға 33.6 млн теңге қаражат қаралып, 2023 жылы қазу жұмыстары жүргізіледі.
  2. Ағымдағы жылы «Шиелісушар» өндірістік учаскесі теңгерімдегі, «0-2» шаруашылық аралық каналының 2 шақырымына, «Р-8» каналына                       3,6 шақырымына, «Ескі сол жаға» каналының сағасына және «Жаңа Бестам» каналының 3 шақырымына және «Жаңа Сұлутөбе» каналының          
    5 шақырымына «Қазсушар» ШЖҚ РМК-ның Қызылорда филиалының тарапынан  механикалық тазалау жұмыстары жүргізілді. Аталған каналдардың қайыр басқан жерлері толықтай тазаланды. 

Ауыл АМАНАТЫ жобасы бойынша

Кәсіпкерлік бастамашылыққа жәрдемдесу жөніндегі шараларды ұйымдастыру және қаржыландыру мақсатында Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты қорғау министрлігімен  жеңілдетілген несие түрі бекітіліп, аз мөлшердегі үстемақымен несие беру жоспарланғаны белгілі. Жоба алғашқы болып «Жамбыл облысы тұрғындарының тұрмыстық табысын жақсарту» пилоттық жобасы болып Жамбыл облысында жүзеге асырылған болатын. Жобаны ары қарай дамыту мақсатында Қызылорда облысына Республикалық бюджеттен «Ауыл халқының табысын арттыру жөніндегі жобаны масштабтау бойынша шағын кредиттер беру» бюджеттік бағдарлама аясында 2023 жылға 3 млрд. теңге қаржы бөлінгені барлықтарыңызға белгілі.

Облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының
087 «Ауыл халқының кірістерін арттыру  жөніндегі жобаны ауқымды түрде қолдану үшін ауыл халқына микрокредиттер беруге кредит беру» бағдарламасы бойынша бұл шығындар ауыл халқының табысын арттыру жөніндегі жобаны ауқымды түрде қолдану үшін Республикалық бюджеттен ауыл халқына микрокредиттер беруге бағытталған. Облыста жобаны жүзеге асыру мақсатында Қызылорда қаласы және барлық аудандар бойынша жұмыс топтары құрылып, ауылдың әлеуметтік-экономикалық жағдайын айқындау үшін ауланы аралау жолымен скрининг жұмыстары жүргізілді. Ауданымыз бойынша жобаға қатысушылар тізімін жасақтап обылысқа ұсынған болатынбыз. Шиелі ауданы әкімінің орынбасары
Апетов Ерсұлтан Амантайұлының төрағалығымен және ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі бюджеті анықталу мақсатында 014 «Ауыл халқының кірістерін арттыру жөніндегі жобаны ауқымды түрде қолдану үшін ауыл халқына микрокредиттер беру мақсатында ауданымыз бойынша «Ауыл АМАНАТЫ» жобасын іске асыруға арналған жұмысшы топ құрылып, жұмыстар жүргізілді. Аудан тарапынан арнайы құрылған жұмысшы топ арқылы қазіргі таңда жобаға қатысушылардың құжаттарын облыстық бақылау кеңесіне дайындап, құжат түгендеу жұмыстары толығымен аяқталды.

         Бүгінге дейін сенім білдірген өкіл ретінде «Байқоңыр» ӘКК» АҚ анықталып, жобаларды комиссияға ұсыну жұмыстары жүргізіліп, 2023 жылдың қорытындысы бойынша ауданымыздан 75 жоба 548 135 000           (бес жүз қырық сегіз миллион жүз отыз бес мың) теңге мемлекет тарапынан қолдау тауып, мақұлданған жобаларға қаражат аудару жұмыстары жүргізілді. Шиелі ауданыны тиіс қаржы көлемін шамадан тыс асыра (перелимит) орындап, барлық жоба толыққанды қаржыландырылды. Қолдау тапқан жобалардын арқасында ауыл тұрғындарының әл-ауқатын жақсартып, соынмен қатар іске асқан жобалардағы ашылатын жұмыс орындары арқылы ауыл тұрғындары тұрақты жұмыспен қамтылатны болады. Мысалға айта кететін болсақ осы жоба арқылы іске қосылған Бәйтерек ауылдық округіндегі «Barly Bai & K» өндірістік кооперативінің (төрағасы Мұсаев Қанат Барлыбайұлы) «Қызанақ пастасын өндіру цехы» ауыл төңірегіндегі азаматтар мен азаматшаларды жұмыспен қамти отырып, қол жетімді бағада қызанақ пастасы өнімін өндіретін болады. Алдағы уақыттарда қолдау тапқан жобалар санын көбейте отырып жаңа жұмыс орындарын ашуды жоспарлаудамыз.

Дата публикации
08 января 2024