2023 жылғы 24 желтоқсанда өткізілген Бәйтерек ауылдық округінің
әкімін сайлау қорытындысы туралы
ХАБАР
2023 жылғы 24 желтоқсанда Шиелі ауданының Бәйтерек ауылдық округі әкімінің сайлауы өткізілді.
Бәйтерек ауылдық округі әкімін сайлау жөніндегі дауыстарды санаудың нәтижелері туралы №302 учаскелік сайлау комиссиясының хаттамасы негізінде Шиелі ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Бәйтерек ауылдық округінде сайлау өтті деп танылғанын хабарлайды.
Бәйтерек ауылдық округі әкіміне 3 кандидат дауысқа түсті. Бәйтерек ауылдық округі бойынша сайлаушылар тізіміне 2490 азамат енгізілген, оның ішінде сайлау бюллетеньдерін 1797 адам немесе 72,17 пайызы алды. Дауыс беруге 1797 адам қатысты, дауыс беру үй-жайынан тыс жерде 14 сайлаушы дауыс берді. 31 бюллетень жарамсыз деп танылды.
Бәйтерек ауылдық округі әкімін сайлаудың мынадай қорытындылары анықталды:
Жүсіпов Серік Рашұлы үшін дауыс беруге қатысқан таңдаушылар санынан – 1498 дауыс, Оспанов Дәурен Әуезұлы үшін – 107 дауыс, Үсенғазин Аралбай Наурызұлы – 154 дауыс, барлығына қарсы – 7 дауыс берілді.
Жүсіпов Серік Рашұлы – Шиелі ауданы, Бәйтерек ауылдық округінің сайланған әкімі болып есептелінді.
Жүсіпов Серік Рашұлы – 1963 жылы туған, қазақ, "Нұртілек" жеке балабақша яслиі ЖШС-ның атқарушы директоры, Шиелі ауданы, Бәйтерек ауылында тұрады.
Шиелі ауданының аумақтық сайлау комиссиясы