2023 жылғы 24 желтоқсан Қызылорда облысының Шиелі ауданы Бәйтерек ауылдық округі әкімінің сайлауы өткізілді

2023 жылғы 24 желтоқсан Қызылорда облысының Шиелі ауданы Бәйтерек  ауылдық округі әкімінің сайлауы өткізілді

            Шиелі  аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14 бабының 9) тармақшасына, 44 бабының 2 тармағына, 45 бабына, 113-10 бабына сәйкес №302 учаскелік сайлау комиссиясының дауыс берудің нәтижелері туралы хаттамасы негізінде сайлау қорытындысын анықтады:

         Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 2490  азамат енгізілген, оның ішінде 1797 дауыс берді. Жарамсыз деп танылған бюллетеньдер саны – 31, «Барлығына қарсымын» деген жолда белгісі бар – 7.

         Әр үміткерге жақтап берілген дауыстар саны:

Жусупов Серик Рашович – 1498;

Оспанов Дәурен Әуезұлы – 107;

Үсенғазин Аралбай Наурызұлы – 154.

         Дауыс беру нәтижесімен Бәйтерек  ауылдық округінің әкімі болып  Жусупов Серик Рашович сайланды. 1963  жылы туылған, қазақ, "Нұртілек" жеке балабақша яслиі ЖШС-ның атқарушы директоры, Бәйтерек ауылында тұрады. Өзін өзі ұсынған.

 Шиелі аудандық сайлау комиссиясы

Дата публикации
24 декабря 2023