2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы

2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы 

         «Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі» Қазақстан Республикасы Кодексінің 75-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Қызылорда облысы Шиелі аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. 2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджет 1, 2, 3 - қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2024 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 8 492 157 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер – 4 177 413 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 16 102 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 35 301 мың теңге;

трансферттер түсімдері – 4 263 341 мың теңге;

2) шығындар – 8 492 157 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 0;

бюджеттік кредиттер – 0;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 0;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0;

қаржы активтерін сатып алу – 0;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – -0;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану)–0;

қарыздар түсімі – 0;

қарыздарды өтеу – 0;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 0.

  1. 2024 жылға аудандық бюджеттен облыстық бюджетке кірістерді бөлу нормативтері төмендегідей көлемде белгіленгені ескерілсін:

1) 101.201 «Төлем көзінен салық салынатын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы» коды бойынша және 101.205 «Төлем көзінен салық салынбайтын шетелдік азаматтар табыстарынан ұсталатын жеке табыс салығы» коды бойынша аудандық бюджетке 50 пайыз, облыстық бюджетке 50 пайыз;

2) 103.101 «Әлеуметтік салық» коды бойынша аудандық бюджетке         50 пайыз, облыстық бюджетк 50 пайыз.

  1. 2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджетте, аудандық бюджеттен кенттер, ауылдық округтер бюджеттеріне берілетін бюджеттік субвенциялар төмендегі көлемдер бойынша көзделсін, оның ішінде:
Дата публикации
19 декабря 2023