Шиелі ауданының әлеуметтік-экономикалық
дамуы туралы анықтама
Шиелі ауданының жалпы жер көлемі 3 239 755 га.
Қазіргі таңда аудандағы 39 елді мекенде барлығы 85839 адам тұрады. Оның ішінде кент орталығында 36194 адам, ауылдық елді – мекендерде 49645 адам тұрады.
2023 жылдың 1 желтоқсанға ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы көрсеткіштері статистика органдарымен қортындыланды.
Жалпы экономикалық тұрғыдан алғанда ауданда тұрақты жағдай қалыптасты.
Қаржы-салық саясаты.
Кірістер бойынша:
Аудандық бюджеттің кірісі 2023 жылдың 1 желтоқсанға болжамдалған 13 млрд. 435 млн. 169 мың теңгенің орнына 13 млрд. 905 млн. 312 мың. теңгеге немесе 103,5 пайызға, оның ішінде аудандық бюджеттің өз кірісі болжамдалған 4 млрд. 506 млн. 322 мың. теңгенің орнына 4 млрд. 976 млн. 464 мың теңге болып 110,4 пайызға орындалды.
Шығыстар бойынша:
Аудан бюджеті ағымдағы жылдың 1 желтоқсанға жалпы
13 млрд. 750 млн. 490 мың теңгеге жоспарланды. 11 айдың қорытындысымен 13 млрд. 443 млн. 778 мың теңгеге немесе 97,8 пайызға орындалды.
Өнеркәсіп өнімін өндіру.
Ауданның өнеркәсіп өнімдерін өндіруші мекемелері мен кәсіпорындары ағымдағы жылдың 11 айында 69 млрд. 740 млн. теңгенің өнеркәсіп өнімдерін өндірді, 2022 жылдың осы кезеңінің салыстырмалы бағасымен алғанда 124,7 пайызды құрады.
Өңдеу өнеркәсібі өнімі көлемі 33 млрд 535 млн. теңгеге жетіп, 161,3 пайызды құрады.
Негізгі капиталға салынған инвестицияның көлемі
39 млрд. 720 млн теңгені құрады немесе 2022 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 119,3 пайызды құрады.
Жалпы құрылыс жұмыстарының көлемі 12 млрд. 599 млн теңге болып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 168,8 пайызды құрады.
Жеке тұрғын үй құрылысы жалпы ауданы 61283 шаршы метрді құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 102,5 пайызды құрады.
Бөлшек сауда көлемі 11 млрд. 347 млн теңге болып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 108,6 пайызды құрады.
Ауылшаруашылық саласы.
Аудан бойынша ауылшаруашылығы құрылымдары 42 млрд. 55 млн. теңгенің өнімін өндірді, былтырғы жылдың осы кезеңінің салыстырмалы бағасымен алғанда 103,4 пайызды құрады.
2023 жылдың 1 желтоқсанғатірілей салмақта 5051,8 тонна ет, 19832 тонна сүт, 2439,1 мың дана жұмыртқа өндіріліп, тиісті кезеңмен салыстырғанда ет 102,4 пайызға, сүт 102,3 пайызға, жұмыртқа 88,8 пайызға орындалған.
Мал шаруашылығы
2023 жылдың 1 желтоқсанға ірі қара 93261 басты, уақ мал 136197 басты, жылқы 24441 басты, түйе 1702 басты, құс 30079 басты құрап, тиісті кезеңмен салыстырғанда ірі-қара 104,6 уақ мал 108,4, жылқы 107,3, түйе 102,8 пайызды құрады.
Шағын кәсіпкерлік.
2023 жылдың 1 желтоқсанға ауданда тіркелген шағын және орта кәсіпкерліктің саны 7166 субъектіге жетіп, тиісті кезеңмен салыстырғанда 109,9 пайызды құрады. (жеке кәсіпкер-4460, шаруа қожалық-2137, заңды тұлға-569) Оның ішіндегі жұмыс жасап тұрған кәсіпкерлердің саны 6897-ты құрап, жұмыс жасап тұрған кәсіпкерлердің үлесі 96,2 %-ға жетті.
Әлеуметтік сала.
Статистикалық мәліметтерге сәйкес аудан бойынша статистикалық мәліметтерге сәйкес 36213 экономикалық белсенді халықтың 34406 адамы жұмыспен қамтылған. Жұмыссыздар саны 1807 адам, жалпы жұмыссыздық деңгейі 5,0 пайызды құрайды.
2023 жылы 3096 жаңа жұмыс орындарын құру жоспарланып, есепті мерзімге 3332 жаңа жұмыс орны ашылды немесе жылдық жоспар 107,6 пайызға орындалды