Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру
жөніндегі жер комиссиясының №2 ХАТТАМАСЫ (қорытынды хаттамасы)
Шиелі кенті «11» желтоқсан 2023 жыл
Шиелі кенті, Т. Рысқұлов көшесі, Шиелі ауданы әкімдігінің ғимаратының мәжіліс залы, сағат: 10:00
КҮН ТӘРТІБІНДЕ:
ҚР Жер кодексінің 43-1 бабының негізінде ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 20 желтоқсандағы «Шаруа немесе
фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты ұйымдастыру мен өткізу
қағидаларын бекіту туралы» № 518 бұйрығының (бұдан әрі - Қағида) 26 тармағына сәйкес конкурсқа қатысушы тұлғалардың қағаз түрінде ұсынылған конверттердегі құжаттарды
қарап, қорытынды шешім қабылдау.
Жер комиссиясы:
Конкурстық өтінімдерді қарау және ол бойынша қорытынды шешім қабылдау үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығымен 10 (он) жыл мерзімге
конкурсқа қатысуға арналған өтінімдер бойынша конверттер ашу 11.12.2023 жылы сағат 10:00-де №1 хаттамамен рәсімделді.
Келесі мәселе, Қағиданың 19, 26, 27 тармақтарына сәйкес осы қорытынды хаттаманы рәсімдеу болып табылады.
Комиссиясының отырысы аудио-бейнежазба құралдарымен басылуда.