2023 жылғы 10 желтоқсанда өткізілген Бестам ауылдық округінің әкімін сайлау қорытындысы туралы ХАБАР

2023 жылғы 10 желтоқсанда өткізілген Бестам ауылдық округінің әкімін сайлау қорытындысы туралы

ХАБАР 

         2023 жылғы 10 желтоқсанда Шиелі ауданы бойынша Бестам ауылдық округі әкімінің сайлауы өткізілді.

         Бестам ауылдық округі әкімін сайлау жөніндегі дауыстарды санаудың нәтижелері туралы №296 учаскелік сайлау комиссиясының хаттамасы негізінде Шиелі ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Бестам ауылдық округінде сайлау өтті деп танылғанын хабарлайды.

         Бестам ауылдық округі әкіміне 3 кандидат дауысқа түсті. Бестам ауылдық округі бойынша сайлаушылар тізіміне 1159 азамат енгізілген, оның ішінде сайлау бюллетеньдерін 821 адам немесе 70,84 пайызы алды.  Дауыс беруге 821 адам қатысты, дауыс беру үй-жайынан тыс жерде 12 сайлаушы дауыс берді. 39 бюллетень жарамсыз деп танылды.

         Бестам ауылдық округі әкімін сайлаудың мынадай қорытындылары анықталды:  

         Ержан Файзолла Қалиұлы үшін дауыс беруге қатысқан таңдаушылар санынан – 124 дауыс, Қыпшақбаев Мұрат Тыныштықұлы үшін – 649 дауыс, Файзуллаев Омархан Нышанбекович – 5 дауыс, барлығына қарсы – 4 дауыс берілді. 

         Қыпшақбаев Мұрат Тыныштықұлы – Шиелі ауданы, Бестам ауылдық округінің сайланған әкімі болып есептелінді.

         Қыпшақбаев Мұрат Тыныштықұлы – 1983 жылы туған, қазақ, №205 орта мектеп директорының орынбасары, Шиелі ауданы, Бестам ауылында тұрады.  

Шиелі ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

Дата публикации
11 декабря 2023