2023 жылғы 10 желтоқсан Қызылорда облысының Шиелі ауданы Бестам ауылдық округі әкімінің сайлауы өткізілді

2023 жылғы 10 желтоқсан Қызылорда облысының Шиелі ауданы Бестам  ауылдық округі әкімінің сайлауы өткізілді

            Шиелі  аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14 бабының 9) тармақшасына, 44 бабының 2 тармағына, 45 бабына, 113-10 бабына сәйкес №296 учаскелік сайлау комиссиясының дауыс берудің нәтижелері туралы хаттамасы негізінде сайлау қорытындысын анықтады:

         Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 1159  азамат енгізілген, оның ішінде 821 дауыс берді. Жарамсыз деп танылған бюллетеньдер саны – 39, «Барлығына қарсымын» деген жолда белгісі бар – 4.

         Әр үміткерге жақтап берілген дауыстар саны:

Ержан Файзолла Қалиұлы – 124;

Қыпшақбаев Мұрат Тыныштықұлы – 649;

Файзуллаев Омархан Нышанбекович – 5.

         Дауыс беру нәтижесімен Бестам  ауылдық округінің әкімі болып  Қыпшақбаев Мұрат Тыныштықұлы сайланды. 1983  жылы туылған, қазақ, №205 орта мектеп директорының орынбасары, Бестам ауылында тұрады. Өзін өзі ұсынған.

 Шиелі аудандық сайлау комиссиясы

Дата публикации
11 декабря 2023