Шиелі аудандық сайлау комиссиясы Бәйтерек ауылдық округі әкіміне кандидаттарды тіркеді

Шиелі аудандық сайлау комиссиясы Бәйтерек ауылдық округі әкіміне кандидаттарды тіркеді

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 113-5-бабының 9 тармағына сәйкес Шиелі ауданының аумақтық сайлау комиссиясы хабарлайды:

Шиелі ауданының аумақтық сайлау комиссиясының 2023 жылғы 15 қарашадағы №АСК-01/49 шешімімен 2023 жылғы 24 желтоқсанға тағайындалған сайлауда Бәйтерек ауылдық округ әкіміне кандидат болып тіркелді:

Жусупов Серик Рашович – 1963 жылы туған, қазақ,  "Нұртілек" жеке балабақша яслиі ЖШС, атқарушы директор, Шиелі ауданы, Бидайкөл ауылында тұрады,  өзін-өзі ұсынған.

Оспанов Дәурен Әуезұлы – 1994 жылы туған, қазақ, «Жиделіарық ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ, бас маман, Шиелі ауданы, Жиделіарық ауылында тұрады,  бас маман, өзін-өзі ұсынған.

Үсенғазин Аралбай Наурызұлы – 1992 жылы туған, қазақ, «Сұлутөбе ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ, бас маман, Шиелі ауданы, Сұлутөбе ауылында тұрады,  өзін-өзі ұсынған

Дата публикации
04 декабря 2023