2023 жылғы 24 желтоқсанға тағайындалған Бәйтерек ауылдық округі әкімін сайлаудағы кандидаттарды ұсыну қорытындысы туралы

2023 жылғы 24 желтоқсанға тағайындалған Бәйтерек ауылдық округі әкімін сайлаудағы кандидаттарды ұсыну қорытындысы туралы

2023 жылғы 29 қараша күні, сағат 18:00-де кандидаттарды ұсыну кезеңі аяқталды. Бәйтерек ауылдық округі әкіміне  барлығы 4 кандидат өзін өзі ұсыну жолымен ұсынылды.

 Орташа бәсекелестік бір орынға 4 адам құрады.

Қазіргі уақытта ұсынылған кандидаттардың заңнама талаптарына сәйкестігін анықтау және кандидаттарды  тіркеу бойынша шаралар жүргізілуде. Тіркеу 2023 жылғы 4 желтоқсан, сағат 18:00-де аяқталады.

Кандидаттар шығып қалған және баламалылық болмаған (сайлау округінде екіден аз кандидат) жағдайда, заңнамаға сәйкес ұсыну мерзімі бес күннен аспайтын уақытқа ұзартылады.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-5 бабының 9 тармағына сәйкес кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы ақпарат БАҚ жарияланады.

Дата публикации
29 ноября 2023