2023 жылғы 10 желтоқсанға тағайындалған Бестам ауылдық округінің әкімін сайлауда кандидаттарды тіркеу туралы хабар
- Бестам ауылдық округінің әкіміне барлығы 5 кандидат өзін-өзі ұсыну жолымен ұсынылған.
- 2023 жылдың 20 қараша, сағат 18.00-дегі жағдай бойынша 5 кандидат тіркелді
- Мемлекеттік қызмет туралы заңнама талаптары бойынша барлық кандидаттардың сәйкестігі анықталды.
- Арнайы тексеруге 5 кандидаттың құжаттары жолданды.
- Барлық тіркелген кандидаттар куәліктерін алды, сайлау бюллетендеріне енгізілді. Кандидаттарды тіркеу туралы хабарламалар жергілікті баспасөз БАҚ–нда және Шиелі ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсының «Сайлау» бөліміне орналастырылған.
- Ұсыну және тіркеу кезеңінде сайлау комиссияларына өтініштер түскен жоқ.