Шиелі аудандық сайлау комиссиясы Бестам ауылдық округі әкіміне кандидаттарды тіркеді
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 113-5-бабының 9 тармағына сәйкес Шиелі ауданының аумақтық сайлау комиссиясы хабарлайды:
Шиелі ауданының аумақтық сайлау комиссиясының 2023 жылғы 1 қарашадағы №АСК-01-41 шешімімен 2023 жылғы 10 желтоқсанға тағайындалған сайлауда Бестам ауылдық округ әкіміне кандидат болып тіркелді:
Байдүйсенов Тайыр Жомартұлы – 1997 жылы туған, қазақ, «Еңбекші ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ, шаруашылық есеп жүргізу және әлеуметтік саланы дамыту жөніндегі бас маман, Шиелі ауданы, Еңбекші ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынған, «AMANAT» партиясының мүшесі.
Ержан Файзолла Қалиұлы – 1968 жылы туған, қазақ, «Бестам ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ, әкім, Шиелі ауданы, Бестам ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынған, «AMANAT» партиясының мүшесі.
Қыпшақбаев Мұрат Тыныштықұлы – 1983 жылы туған, қазақ, Қызылорда облысың білім басқармасының Шиелі ауданы бойынша білім бөлімінің «№205 орта мектебі» КММ, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, Шиелі ауданы, Бестам ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынған, «AMANAT» партиясының мүшесі.
Мамбетов Абилькасим Абильдаевич – 1963 жылы туған, қазақ, «Әбділда» шаруа қожалығы, Шиелі кентінде тұрады, өзін-өзі ұсынған, «AMANAT» партиясының мүшесі.
Файзуллаев Омархан Нышанбекович – 1989 жылы туған, қазақ, «Керделі ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ, әскери есепке алу және жастар ісі жөніндегі бас маман, Шиелі ауданы, Балаби ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынған.