Шиелі ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы анықтама
Шиелі ауданының жалпы жер көлемі 3 239 755 га.
Қазіргі таңда аудандағы 39 елді мекенде барлығы 85833 адам тұрады. Оның ішінде кент орталығында 36188 адам, ауылдық елді – мекендерде 49645 адам тұрады.
2023 жылдың 1 қарашаға ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы көрсеткіштері статистика органдарымен қортындыланды.
Жалпы экономикалық тұрғыдан алғанда ауданда тұрақты жағдай қалыптасты.
Қаржы-салық саясаты.
Кірістер бойынша:
Аудандық бюджеттің кірісі 2023 жылдың 1 қарашаға болжамдалған 11 млрд. 97 млн. 979 мың теңгенің орнына 11 млрд. 578 млн. 423 мың. теңгеге немесе 104,3 пайызға, оның ішінде аудандық бюджеттің өз кірісі болжамдалған 3 млрд. 756 млн. 549 мың. теңгенің орнына 4 млрд. 237 млн. 2 мың теңге болып 112,8 пайызға орындалды.
Шығыстар бойынша:
Аудан бюджеті ағымдағы жылдың 1 қарашаға жалпы
11 млрд. 639 млн. 717 мың теңгеге жоспарланды. 10 айдың қорытындысымен 11 млрд. 473 млн. 005 мың теңгеге немесе 98,6 пайызға орындалды.
Өнеркәсіп өнімін өндіру.
Ауданның өнеркәсіп өнімдерін өндіруші мекемелері мен кәсіпорындары ағымдағы жылдың 10 айында 63 млрд. 292 млн. теңгенің өнеркәсіп өнімдерін өндірді, 2022 жылдың осы кезеңінің салыстырмалы бағасымен алғанда 118,4 пайызды құрады.
Өңдеу өнеркәсібі өнімі көлемі 30 млрд 420 млн. теңгеге жетіп, 149,7 пайызды құрады.
Негізгі капиталға салынған инвестицияның көлемі
34 млрд. 239 млн теңгені құрады немесе 2022 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 172,3 пайызды құрады.
Жалпы құрылыс жұмыстарының көлемі 11 млрд. 426 млн теңге болып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 164,0 пайызды құрады.
Жеке тұрғын үй құрылысы жалпы ауданы 59 396 шаршы метрді құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 107,5 пайызды құрады.
Бөлшек сауда көлемі 10 млрд. 219 млн теңге болып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 108,2 пайызды құрады.
Ауылшаруашылық саласы.
Аудан бойынша ауылшаруашылығы құрылымдары 40 млрд. 599 млн. теңгенің өнімін өндірді, былтырғы жылдың осы кезеңінің салыстырмалы бағасымен алғанда 100,5 пайызды құрады.
2023 жылдың 1 қарашаға тірілей салмақта 4500,4 тонна ет, 17642,5 тонна сүт, 2168,9 мың дана жұмыртқа өндіріліп, тиісті кезеңмен салыстырғанда ет 102,2 пайызға, сүт 102,1 пайызға, жұмыртқа 87,6 пайызға орындалған
Мал шаруашылығы
2023 жылдың 1 қарашаға ірі қара 93220 басты, уақ мал 138883 басты, жылқы 24633 басты, түйе 1705 басты, құс 30079 басты құрап, тиісті кезеңмен салыстырғанда ірі-қара 104,4 уақ мал 108,0, жылқы 107,3, түйе 103,0 пайызды құрады.
Шағын кәсіпкерлік.
2023 жылдың 1 қарашаға ауданда тіркелген шағын және орта кәсіпкерліктің саны 7313 субъектіге жетіп, тиісті кезеңмен салыстырғанда 116,7 пайызды құрады. (жеке кәсіпкер-4543, шаруа қожалық-2198, заңды тұлға-572) Оның ішіндегі жұмыс жасап тұрған кәсіпкерлердің саны 7032-ні құрап, жұмыс жасап тұрған кәсіпкерлердің үлесі 96,2 % -ға жетті.
Әлеуметтік сала.
Статистикалық мәліметтерге сәйкес аудан бойынша статистикалық мәліметтерге сәйкес 36213 экономикалық белсенді халықтың 34406 адамы жұмыспен қамтылған. Жұмыссыздар саны 1807 адам, жалпы жұмыссыздық деңгейі 5,0 пайызды құрайды.
2023 жылы 3096 жаңа жұмыс орындарын құру жоспарланып, есепті мерзімге 3034 жаңа жұмыс орны ашылды немесе жылдық жоспар 98,0 пайызға орындалды