2023 жылғы 10 желтоқсанға тағайындалған Бестам ауылдық округі әкімін сайлаудағы кандидаттарды ұсыну қорытындысы туралы
2023 жылғы 15 қараша күні, сағат 18:00-де кандидаттарды ұсыну кезеңі аяқталды. Бестам ауылдық округі әкіміне барлығы 5 кандидат өзін өзі ұсыну жолымен ұсынылды.
Орташа бәсекелестік бір орынға 5 адам құрады.
Қазіргі уақытта ұсынылған кандидаттардың заңнама талаптарына сәйкестігін анықтау және кандидаттарды тіркеу бойынша шаралар жүргізілуде. Тіркеу 2023 жылғы 20 қараша, сағат 18:00-де аяқталады.
Кандидаттар шығып қалған және баламалылық болмаған (сайлау округінде екіден аз кандидат) жағдайда, заңнамаға сәйкес ұсыну мерзімі бес күннен аспайтын уақытқа ұзартылады.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-5 бабының 9 тармағына сәйкес кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы ақпарат БАҚ жарияланады.