Шиелі аудандық сайлау комиссиясының хабары

Шиелі аудандық сайлау комиссиясының хабары

Шиелі аудандық сайлау комиссиясының 2023 жылғы 15 қарашадағы №АСК-01/48 қаулысымен Бәйтерек ауылдық округі шекарасында Бәйтерек ауылдық округі әкімінің сайлауы жөніндегі сайлау округі құрылды.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 113-1-бабының 1-тармағының 1-тармақшасына, 2-тармағына сәйкес, Шиелі аудандық сайлау комиссиясының 2023 жылғы 15 қарашадағы №АСК-01/49 қаулысымен Бәйтерек ауылдық округі әкімінің сайлауы 2023 жылғы 24 желтоқсанға тағайындалды.

Бекітілген Бәйтерек ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарына сәйкес кандидаттарды ұсыну 2023 жылғы 16 қарашадан басталады және 2023 жылғы 29 қараша сағат 18.00-де аяқталады.

Кандидаттарды тіркеу барлық қажетті құжаттар алынғаннан кейін басталады және 2023 жылғы 4 желтоқсан сағат 18.00-де аяқталады.

Шиелі аудандық сайлау комиссиясының орналасқан мекен-жайы: 120700, Шиелі кенті, Т.Рысқұлов көшесі, №6А, Шиелі аудандық экономика және қаржы бөлімінің ғимараты, байланыс телефоны: 4-32-30, электронды поштасы shieli.sailau@mail.kz.    

Шиелі аудандық сайлау комиссиясының құрамы: Дулатов Молдабай Оразбекович – төраға, Палымбет Найла Әбілқасымқызы – төраға орынбасары, Бурабаева Эльмира Базарбайқызы – хатшы, мүшелері: Ермағамбетов Садық, Ахметов Әбдішәки Ауланбергенұлы, Бупежанов Талгат Уалиханович, Кенжесариев Серик Кадрияевич

       №302 учаскелік сайлау комиссиясының орналасқан мекен-жайы: Бәйтерек ауылдық округі, Бидайкөл ауылы, М.Шоқай көшесі №78, ауылдық мәдениет үйі ғимараты, телефоны: 36-1-38,  эл почта: USK_302@mail.kz

       №302 учаскелік сайлау комиссиясының құрамы: Байділдаева Мейрамгүл Байсалбайқызы – төраға,  Бегманов Сәкен Серікұлы – төраға орынбасары, Шәкиева Запура Қолдасқызы – хатшы, мүшелері: Қуатбаев Әмірхан Мамырханұлы, Ажарбаева Зағипа Жұмаділдәқызы, Омарова Гүлмира Сыздыққызы, Тәжібаева Күлпәтима Бұқарбайқызы, Маханбетов Қойшыбай Бозтайұлы, Сейдильдаева Калияш Аяповна.

Шиелі аудандық сайлау комиссиясы

Дата публикации
15 ноября 2023