«Шиелі ауданы Тартоғай ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиналысының Регламентін бекіту туралы» Шиелі аудандық мәслихатының 2018 жылғы 31 мамырдағы № 24/15 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Шиелі аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. «Шиелі ауданы Тартоғай ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиналысының Регламентін бекіту туралы» Шиелі аудандық мәслихатының 2018 жылғы 31 мамырдағы № 24/15 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6335 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген шешіммен бекітілген Шиелі ауданы Тартоғай ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиналысының Регламентінде:

4-тармақта:

 тоғызыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:

"Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында көзделген жағдайларда тиісті аумақта карантиндік режимді енгізе отырып, карантиндік аймақты белгілеу (күшін жою) туралы, карантинді және (немесе) шектеу іс-шараларын белгілеу (алып тастау) туралы шешімдер қабылдауды, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялауды, сондай-ақ "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген мерзімдерде олар бойынша ұсынымдар беруді көздейтін атқарушы органдардың, сондай-ақ әкімдердің нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын қоспағанда жергілікті қоғамдастықтың өзекті мәселелерін, азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілердің жобаларын талқылау;";

оныншы абзац алып тасталсын;

он бірінші абзац алып тасталсын.

  1. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Лауазымы                                                                  Аты-жөні

Дата публикации
14 ноября 2023