Шиелі аудандық сайлау комиссиясының 2023 жылғы 1 қарашадағы №АСК-01/40 қаулысымен Бестам ауылдық округі шекарасында Бестам ауылдық округі әкімінің сайлауы жөніндегі сайлау округі құрылды.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 113-1-бабының 1-тармағының 1-тармақшасына сәйкес, Шиелі аудандық сайлау комиссиясының 2023 жылғы 1 қарашадағы №АСК-01/41 қаулысымен Бестам ауылдық округі әкімінің сайлауы 2023 жылғы 10 желтоқсанға тағайындалды.
Бекітілген Бестам ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарына сәйкес кандидаттарды ұсыну 2023 жылғы 2 қарашадан басталады және 2023 жылғы 15 қараша сағат 18.00-де аяқталады.
Кандидаттарды тіркеу барлық қажетті құжаттар алынғаннан кейін басталады және 2023 жылғы 20 қараша сағат 18.00-де аяқталады.
Шиелі аудандық сайлау комиссиясының орналасқан мекен-жайы: 120700, Шиелі кенті, Т.Рысқұлов көшесі, №6А, Шиелі аудандық экономика және қаржы бөлімінің ғимараты, байланыс телефоны: 4-32-30, электронды поштасы shieli.sailau@mail.kz, интернет-парақшасына сілтеме: https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-shieli/activities/3288?lang=kk
Шиелі аудандық сайлау комиссиясының құрамы: Дулатов Молдабай Оразбекович – төраға, Палымбет Найла Әбілқасымқызы – төраға орынбасары, Бурабаева Эльмира Базарбайқызы – хатшы, мүшелері: Ермағамбетов Садық, Ахметов Әбдішәки Ауланбергенұлы, Бупежанов Талгат Уалиханович, Кенжесариев Серик Кадрияевич
№296 учаскелік сайлау комиссиясының орналасқан мекен-жайы: Бестам ауылдық округі, Бестам ауылы, А.Құнанбаев көшесі №39, №205 орта мектеп ғимараты, телефоны: 5-12-10, эл почта: USK_296@mail.kz
№296 учаскелік сайлау комиссиясының құрамы: Рыспамбет Ақтай Пәтешұлы – төраға, Ақшалов Серік Балтабайұлы – төраға орынбасары, Кенжеболат Гүлжайна Әбділдақызы – хатшы, мүшелері: Рахман Қоңыратбай Бүркітбайұлы, Құрманова Әтира Алпысқызы, Жұмаділда Бахадүр Мінуарұлы, Ерімбет Фарида Тұрарқызы
Шиелі аудандық сайлау комиссиясы