Бестам ауылдық округі
әкімінің сайлауын тағайындау туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 113-1-бабының 1-тармағының 1-тармақшасы негізінде Шиелі ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Бестам ауылдық округі әкімінің сайлауы 2023 жылғы 10 желтоқсанға тағайындалсын.
- Бестам ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу және өткізу бойынша негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
- Осы қаулы аудандық «Өскен өңір» газетінде жариялансын және Шиелі ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсының «Сайлау» бөліміне орналастырылсын.
Төраға М.Дулатов
Хатшы Э.Бурабаева
01.11.2023 жыл
АСК-01/41