Бестам ауылдық округі әкімін
сайлау жөнінде сайлау округін құру туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 4-тармағына сәйкес және 22-бабының негізінде Шиелі аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Бестам ауылдық округінің шекарасында Бестам ауылдық округі әкімін сайлау жөнінде сайлау округі құрылсын.
- Құрылған Бестам ауылдық округі әкімін сайлау жөніндегі сайлау округі, оның шекарасы мен аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері көрсетіліп, осы қаулы аудандық «Өскен өңір» газетінде жариялансын және Шиелі ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсының «Сайлау» бөліміне орналастырылсын.
Төраға М.Дулатов
Хатшы Э.Бурабаева
01.11.2023 жыл
АСК-01/40