5 қараша күні аудан, облыстық маңызы бар қалалар әкімінің сайлауы Қызылорда облысының Шиелі ауданында өтеді.
Бүгінгі күні Шиелі ауданында 50402 сайлаушы тіркелген. Әрбір азамат сайлау күніне дейін өзінің қай учаскеге тіркелгенін анықтай алады. Ол үшін saylau.orda.gov.kz сайтына кіріп, ЖСН нөмірін енгізсе жеткілікті.
Сайлаушылар үшін 24/7 режимде арнайы 109 бірыңғай байланыс орталығы қызмет жасайды. Диспетчер мамандар сайлау учаскесінің нөмірі мен аумағы және комиссия мүшелері туралы ақпаратпен бөліседі.
Ал, сайлау күні Шиеліде азаматтарды деректер базасынан анықтауға мүмкіндік беретін 14 сайлау учаскесінде онлайн сервис қызметтері қолжетімді болады.
Шиелі ауданы бойынша