«Шиелі ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесі

Шиелі ауданы әкімдігінің

2023 жылғы «    » тамыздағы

№ «___» қаулысына 1-қосымша 

«Шиелі ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»  коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесі 

  1. Жалпы ережелер
  1. «Шиелі ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Бөлім) өз құзіреті шегінде әлеуметтік бағдарламалар және жұмыспен қамту саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
  2. «Шиелі ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мынадай ведомствосы бар:

1)  «Шиелі аудандық отбасын қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

  1. «Шиелі ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлеріне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ, осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
  2. «Шиелі ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мемлекеттiк мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар, мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
  3. «Шиелі ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.
  4. «Шиелі ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкiлеттiк берiлген болса, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
  5. «Шиелі ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен «Шиелі ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актiлермен ресiмделетiн шешiмдер қабылдайды.
  6. «Шиелі ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимитi қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекiтiледi.
  7. Заңды тұлғаның тұрған жерi: индексі 120700, Қазақстан Республикасы, Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Шиелі кенті, М.Шоқай көшесі, №53.
  8. «Шиелі ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жұмыс кестесі:

1) дүйсенбі мен жұма аралығында 5 (бес) күн жұмыс істейді;

2) жұмыс уақыты жергілікті уақыт бойынша сағат 09.00-ден 19.00-ге дейін.                  Сағат: 13.00-ден 15.00-ге дейін үзіліс;

3) сенбі және жексенбі күндері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мереке күндері жұмыс істемейді.

  1. Мемлекеттік мекеменің толық атауы: «Шиелі ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
  2. Осы ереже «Шиелі ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
  3. «Шиелі ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметiн қаржыландыру аудан бюджетінен жүзеге асырылады.
  4. «Шиелі ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне кәсiпкерлiк субъектiлерiмен «Шиелі ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»  коммуналдық мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
  5. Коммуналдық мемлекеттік мекеме мен еңбек ұжымы арасындағы өзара қарым-қатынастар қолданыстағы Қазақстан Республикасы заңнамасымен реттеледі.
  1. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері,

функциялары, құқықтары мен міндеттері

  1. «Шиелі ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің миссиясы: әлеуметтік бағдарламалар және халықты жұмыспен қамту саласындағы саясатты iске асыру.
  2. Міндеттері:

1)  әлеуметтік бағдарламалар және жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;

            2) аудан әкімдігінің бөлімдерімен бірігіп аудандық бағдарламаларды әзірлеу және оларды іске асыру;

            3) жұмыссыздық деңгейін түсіру және кедейшілік ауқымын қысқарту жөніндегі мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға қатысу;

            4) берілген құзырет шеңберінде жұмыспен қамту заңнамасын іске асыру;

            5) уәкілетті орган және жұмыспен қамту агенттігі арқылы еңбек делдалдығын ұйымдастыру;

            6) халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту бағытындағы мемлекеттік саясатты аудандық деңгейде жүзеге асыру;

            7) мүгедектерді оңалту бағдарламасын жүзеге асыру;

  1. Функциялары:

     1) әлеуметтік және еңбек қатынастары саласы бойынша әлеуметтік әріптестік жүйесін реттеу жөнінде ұсыныстарды жүзеге асыру, әлеуметтік әріптестік бойынша үш жақты комиссияның жұмысын қамтамасыз ету және үйлестіру;

            2) өмір сүру деңгейін талдау және болжамдау негізінде халықтың аз қамтылған бөлігіне әлеуметтік көмек көрсетудің бағдарламасын жасау, сондай-ақ аудандық бағдарламалар жасауға әдістемелік ұсыныстарды даярлау;

            3) жалғызбасты азаматтарды және мүгедектігі бар адамдарды, мүгедектігі бар балаларды арнайы интернат үйлеріне орналастыру шараларын қабылдау, жалғыз басты азаматтарға, мүгедектігі бар адамдар мен мүгедектігі бар балаларға арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету үшін жолдамалар беру;

            4) «Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандартына» сәйкес, үйде қызмет көрсету жағдайларында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге мұқтаж мүгедектігі бар балаларға және 18 жастан асқан адамдарға, басқа адамдардың күтімі мен көмегіне мұқтаж жалғызілікті қарттарға және мүгедектігі бар адамдарға үйден әлеуметтік қызмет көрсету;

            5) мемлекеттік және қайырымдылық негізінде қолдауға мұқтаж адамдарды, әлеуметтік қорғаудың кешенді жүйесін жасауға, күрделі өмір тәлкегіне кезіккендерге психологиялық, медициналық-әлеуметтік қызметтер көрсететін мамандандырылған мекемелер мен қызметтер кешендерінің өркендеуіне ықпал жасау;

            6) еңбек нарығындағы жағдайды, жұмыс күшінің сұранысы мен ұсынымын болжамдау;

            7) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек, тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеу жұмыстарын ұйымдастыруды және әдістемелік қамтамасыз етуді жүзеге асыру;

            8) ауылдық жерде тұратын әлеуметтік сала мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек тағайындау;

            9) үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедектігі бар балаларды материалдық  қамтамасыз ету;

            10) халықтың әлеуметтік аз қорғалған санаттары, оның ішінде мүгедектігі бар адамдар үшін қосымша жұмыс орындарын құруға ықпал жасау;

            11) ауданның еңбек нарығындағы жағдайды ескере отырып жұмыс берушілерге шетел жұмыс күшін тартуға ықпал жасау;

            12) аудан құрылысы саласындағы  мемлекеттік саясатты қалыптастыруға қатысу, инфрақұрылым объектілерінің мүгедектігі бар адамдар мен қарттарға қолайлы болуына ықпал жасау;

            13) мүгедектігі бар адамдарды оңалтуға қажетті өндірістік және тұрмыстық арнаулы қозғалыс құралдарының, техникалық жабдықтарының қажеттілігін анықтау, олармен қамтамасыз етуге сұраныс жасау;

            14) мүгедектігі бар адамдарға протезді-ортопедиялық  көмек көрсетуді ұйымдастыруды қамтамасыз ету және техникалық көмекті қажет ететін адамдарға уақытылы анықтауға бағытталған іс-шараларды жүзеге асыру;

            15) өз құзыреті аясында бөлім және оның құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу және нормалауды ұйымдастыру;

            16) халыққа әлеуметтік көмек көрсету бағдарламасын қаржыландыру мақсатында мемлекеттік, қоғамдық, діни және қайырымдылық ұйымдардың, мекемелер мен кәсіпорындардың, шетелдік фирмалар мен біріккен кәсіпорындардың бірлесіп әрекет жасауын үйлестіру;

            17) бөлімдегі кадрларды қайта даярлауға және біліктігін арттыруға бағытталған шаралары ұйымдастыру;

            18) өз құзырындағы мәселелер бойынша бөлімге азаматтардан түскен өтініштер, арыздар мен шағымдарды, ұсыныстарды белгіленген тәртіпте қарау;

            19)   арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету туралы тиісті шешімдер қабылдау;

20) жекелеген санаттағы азаматтарға, оның ішінде атаулы күндер мен мерекелік күндерге әлеуметтік және қайырымдылық көмектер ұйымдастыру;

21) орташа табысы Қызылорда облысы бойынша ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен табыстары бар отбасылардың тұлғаларына тұрмыстық қажеттіліктерге әлеуметтік көмектер ұйымдастыру;

22) мамандандырылған туберкулезге қарсы медициналық ұйымнан шығарылған, туберкулезден емделудің сүйемелдеу сатысындағы азаматтарға, қосымша тамақтануға әлеуметтік көмектер ұйымдастыру;

23) өңірге қажет мамандықтар бойынша әлеуметтік тұрғыдан халықтың осал тобы қатарынан Қазақстан Республикасының оқу орындарында бакалавр академиялық дәрежесін алу үшін студенттерге оқу ақысын төлеуге әлеуметтік көмектер ұйымдастыру;

24) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтірілген жағдайда не әлеуметтік мәні бар аурулары болған жағдайда, орташа табысы Қызылорда облысы бойынша ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен азаматтарға әлеуметтік көмектер көрсетілуін ұйымдастыру;

25) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің                2022 жылғы 15 сәуірдегі № 123 бұйрығымен бекітілген «Еңбекші көшіп келушілерге рұқсат беру, ұзарту және кері қайтарып алу қағидаларына» сәйкес аудан аумағына еңбекші көшіп келушілерге еңбек қызметімен айналысуға рұқсаттар беру, ұзарту және кері қайтарып алу мемлекеттік көрсетілетін қызметін жүзеге асырады.

26) Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

  1. Құқықтары:

1) егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға;

            2) Бөлім құзыры аясындағы мәселелер бойынша меншік түрінде, шаруашылық жүргізу жағдайына қарамастан өндіріс орындарынан, ұйымдар мен мекемелерден қажетті мәліметтерді, есептерді сұратуға және алуға;

            3) ұйымдарда қоғамдық жұмыстар дайындау мен өткізу, жұмыссыздар мен жұмыспен қамтылмаған халықты дайындау мен  қайта дайындау жөнінде ұсыныстарды жергілікті атқарушы органдарға енгізуге;

            4) халықты әлеуметтік қолдауға байланысты бағдарламалар, қоғамдық акциялар өткізуді ұйымдастыруға;

            5) белгіленген тәртіп бойынша жұмыспен қамту мәселелері бойынша конференциялар, семинарлар және жиналыстар өткізуге;

            6) өзіндік ақпарат-анықтамалық бюллетендер, плакаттар, буклеттер, әдістемелік материалдар шығаруға және жарнамалық тақталар жасақтауға;

7) жеке және заңды тұлғалардың жолдаған өтініштерін қарауға, оларды орындауға, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда және тәртіппен олар бойынша жауаптар беруге, жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауды ұйымдастыруға, заңды және негізделген шешімдер қабылдауға, өзі қабылдаған шешімдердің орындалуын бақылауды қамтамасыз етуге, қолданыстағы заңнамада қарастырылған өзге де міндеттерді іске асыруға міндетті.

  1. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру
  1. «Шиелі ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне басшылықты «Шиелі аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
  2. «Шиелі ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын    Шиелі ауданының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
  3. «Шиелі ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасары болады.
  4. «Шиелі ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі - Бөлім) басшысының өкілеттілігі:

1) өз қызметін жүзеге асыру кезінде аудан әкімі мен жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына есеп береді;

2) орынбасарының және қызметкерлерінің функционалдық міндеттері мен өкілеттіліктерін айқындайды;

3) қызметкерлерді қызметке тағайындайды және босатады;

4) заңнамада белгіленген тәртіппен қызметкерлерді ынталандыруды жүзеге асырады;

5) заңнамада белгіленген тәртіппен қызметкерлерге тәртіптік жаза қолданады;

6) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады, нұсқаулар береді, қызметтік және қаржы құжаттарына қол қояды;

7)  мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда сенім хатсыз Шиелі ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімнің мүддесін білдіреді;

   8) сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған шараларды жүзеге асырады және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды қолданбағаны үшін дербес жауапкершілікте болады;

  9) гендерлік теңдік стратегиясын іске асырады;

  10) «Шиелі аудандық отбасын қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жұмысын үйлестіруге басшылық етеді;

  11) «Шиелі аудандық отбасын қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысын жұмысқа тағайындайды және босатады, сонымен қатар заңнамада белгіленген тәртіппен ынталандыруды жүзеге асырады, сондай-ақ тәртіптік жаза қолданады;

  12) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

  1. «Шиелі ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
  2. «Шиелі ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын бөлім басшысы басқарады.
  1. Мемлекеттік органның мүлкi
  1. «Шиелі ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығындағы оқшауланған мүлкі болады.

«Шиелі ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»  коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкi оған меншік иесі берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

  1. «Шиелі ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне бекiтiлген мүлiк коммуналдық меншiкке жатады.
  2. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Шиелі ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
  1. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
  1. «Шиелі ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Таратылған жағдайда Шиелі ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мүлкін пайдалану Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Түптеліп, нөмірленіп

Тігілген ____бетте

Бөлім басшысы

А. Төлегенов____________

Түптеліп, нөмірленіп

Тігілген ____бетте

Бөлім басшысы

А. Төлегенов____________

Түптеліп, нөмірленіп

Тігілген ____бетте

Бөлім басшысы

А. Төлегенов____________

Түптеліп, нөмірленіп

Тігілген ____бетте

Бөлім басшысы

А. Төлегенов____________

 

Дата публикации
18 октября 2023