Шиелі ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы анықтама

Шиелі ауданының жалпы жер көлемі 3 239 755 га.

Қазіргі таңда аудандағы 39 елді мекенде барлығы 85772 адам тұрады. Оның ішінде кент орталығында 36127 адам, ауылдық елді – мекендерде 49645  адам тұрады.

2023 жылдың 1 қазанға ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы көрсеткіштері статистика органдарымен қортындыланды.

Жалпы экономикалық тұрғыдан алғанда ауданда тұрақты жағдай қалыптасты.

Қаржы-салық саясаты.

Кірістер бойынша:

Аудандық бюджеттің кірісі 2023 жылдың 1 қазанға  болжамдалған 9 млрд. 461 млн. 532 мың теңгенің орнына 10 млрд. 66 млн. 103 мың. теңгеге немесе 106,4 пайызға, оның ішінде аудандық бюджеттің өз кірісі болжамдалған  3 млрд. 309 млн. 966 мың. теңгенің орнына 3 млрд. 914 млн. 537 мың теңге болып 118,3  пайызға орындалды.

Шығыстар бойынша:

Аудан бюджеті ағымдағы жылдың 1 қазанға жалпы
9 млрд. 710 млн. 999 мың теңгеге жоспарланды. 9 айдың қорытындысымен 9 млрд. 709 млн. 730 мың теңгеге немесе 100,0 пайызға орындалды.  

Өнеркәсіп өнімін өндіру.

Ауданның өнеркәсіп өнімдерін өндіруші мекемелері мен кәсіпорындары ағымдағы жылдың 9 айында 56 млрд. 839 млн. теңгенің өнеркәсіп өнімдерін өндірді, 2022 жылдың осы кезеңінің салыстырмалы бағасымен алғанда 113,8 пайызды құрады.

Өңдеу өнеркәсібі өнімі көлемі 27 млрд 80 млн. теңгеге жетіп, 136,6 пайызды құрады.

Негізгі капиталға салынған инвестицияның көлемі
29 млрд. 987 млн теңгені құрады немесе 2022 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 175,7 пайызды құрады.

Жалпы құрылыс жұмыстарының көлемі 10 млрд. 815 млн теңге болып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 192,1 пайызды құрады.

Жеке тұрғын үй құрылысы жалпы ауданы 57363 шаршы метрді құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 117,1 пайызды құрады.

Бөлшек сауда көлемі 9 млрд. 79 млн теңге болып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 107,7 пайызды құрады. 

Ауылшаруашылық саласы.

Аудан бойынша ауылшаруашылығы құрылымдары 31 млрд. 500 млн. теңгенің өнімін өндірді, былтырғы жылдың осы кезеңінің салыстырмалы бағасымен алғанда 102,5  пайызды  құрады.

2023 жылдың 1 қазанға тірілей салмақта 4000,2 тонна ет, 15551,8 тонна сүт, 1889,6 мың дана жұмыртқа өндіріліп, тиісті кезеңмен салыстырғанда ет 102,3 пайызға, сүт 102,1 пайызға, жұмыртқа 86,0 пайызға  орындалған

 Мал шаруашылығы

         2023 жылдың 1 қазанға  ірі қара 93089 басты, уақ мал 141241 басты, жылқы 24819 басты, түйе 1705 басты, құс 30079 басты құрап, тиісті кезеңмен салыстырғанда ірі-қара 104,3 уақ мал 107,7, жылқы 107,2, түйе 103,0  пайызды құрады.

Шағын кәсіпкерлік.

2023 жылдың 1 қазанға ауданда тіркелген шағын және орта кәсіпкерліктің саны 7367 субъектіге жетіп, тиісті кезеңмен салыстырғанда 119,9 пайызды құрады. (жеке кәсіпкер-4561, шаруа қожалық-2238, заңды тұлға-568) Оның ішіндегі жұмыс жасап тұрған кәсіпкерлердің саны  7085-ды құрап, жұмыс жасап тұрған кәсіпкерлердің үлесі 99,2 % -ға жетті.

Әлеуметтік сала.

Статистикалық мәліметтерге сәйкес аудан бойынша статистикалық мәліметтерге сәйкес 36213 экономикалық белсенді халықтың 34406 адамы жұмыспен қамтылған. Жұмыссыздар саны 1807 адам, жалпы жұмыссыздық деңгейі 5,0 пайызды құрайды.

2023 жылы 3096 жаңа жұмыс орындарын құру жоспарланып, есепті мерзімге 2717 жаңа жұмыс орны ашылды немесе жылдық жоспар 87,8 пайызға орындалды.

 

Дата публикации
16 октября 2023