2023 жылғы 17 қыркүйекте өткізілген Керделі ауылдық округінің әкімін сайлау қорытындысы туралы ХАБАР

2023 жылғы 17 қыркүйекте Шиелі ауданы бойынша Керделі ауылдық округі әкімінің сайлауы өткізілді.

         Керделі ауылдық округі әкімін сайлау жөніндегі дауыстарды санаудың нәтижелері туралы №298 учаскелік сайлау комиссиясының хаттамасы негізінде Шиелі аудандық сайлау комиссиясы Керделі ауылдық округінде сайлау өтті деп танылғанын хабарлайды.

         Керделі ауылдық округі әкіміне 2 кандидат дауысқа түсті. Керделі ауылдық округі бойынша сайлаушылар тізіміне 1687 азамат енгізілген, оның ішінде сайлау бюллетеньдерін 1383 адам немесе 81,74 пайызы алды.  Дауыс беруге 1383 адам қатысты, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша сайлаушылар дауыс берген жоқ, дауыс беру үй-жайынан тыс жерде 30 сайлаушы дауыс берді. 4 бюллетень жарамсыз деп танылды.

         Керделі ауылдық округі әкімін сайлаудың мынадай қорытындылары анықталды:

         Примбетов Кайыркен Дайрабаевич үшін дауыс беруге қатысқан таңдаушылар санынан – 210 дауыс, Ыханов Галимжан Шайыкович үшін – 1163 дауыс, барлығына қарсы – 6 дауыс берілді. 

         Ыханов Галимжан Шайыкович – Шиелі ауданы, Керделі ауылдық округінің сайланған әкімі болып есептелінді.

         Ыханов Галимжан Шайыкович – 1974 жылы туған, қазақ, Керделі ауылдық округінің әкімі, Шиелі ауданы, Н.Бекежанов ауылында тұрады. «AMANAT» партиясы ұсынған. «AMANAT» партиясының мүшесі.

 «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 45, 113-11 баптарына сәйкес Шиелі аудандық сайлау комиссиясы 2023 жылғы 18 қыркүйектегі АСК-03-10 шешімімен 2023 жылғы 17 қыркүйекте сайланған Керделі ауылдық округінің әкіміне Ыханов Галимжан Шайыковичті тіркеді.

 

Шиелі аудандық сайлау комиссиясы

Дата публикации
18 сентября 2023