2023 жылғы 17 қыркүйекте өткізілген Керделі ауылдық округі әкімін сайлаудың қорытындысын анықтау және жариялау туралы

2023 жылғы 17 қыркүйекте өткізілген Керделі ауылдық округі әкімін сайлаудың қорытындысын анықтау және жариялау туралы

         «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 14, 44, 113-10-баптарына сәйкес және 2023 жылғы 17 қыркүйекте өткізілген Керделі ауылдық округі әкімін сайлау жөніндегі дауыстарды санаудың нәтижесі туралы №298 учаскелік сайлау комиссиясының хаттамасы негізінде Шиелі аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Керделі ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті деп танылсын.
  2. Ыханов Галимжан Шайыкович Керделі ауылдық округінің әкімі сайланған болып есептелсін.
  3. 2023 жылғы 17 қыркүйекте өткізілген Керделі ауылдық округі әкімін сайлаудың қорытындылары туралы хабар бұқаралық ақпарат құралдарында осы қаулының қосымшасына сай жариялансын.

Шиелі аудандық сайлау

комиссиясының төрағасы                                            М.Дулатов 

 

Шиелі аудандық сайлау

комиссиясының хатшысы                                            Э.Бурабаева

  

АСК-01/23

17.09.2023 жыл

Дата публикации
17 сентября 2023