2023 жылғы 17 қыркүйекте Қызылорда облысының Шиелі ауданы Керделі ауылдық округі әкімінің сайлауы өткізілді

2023 жылғы 17 қыркүйекте Қызылорда облысының Шиелі ауданы Керделі  ауылдық округі әкімінің сайлауы өткізілді

            Шиелі  аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14 бабының 9) тармақшасына, 44 бабының 2 тармағына, 45 бабына, 113-10 бабына сәйкес №298 учаскелік сайлау комиссиясының дауыс берудің нәтижелері туралы хаттамасы негізінде сайлау қорытындысын анықтады:

         Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 1687  азамат енгізілген, оның ішінде 1383 дауыс берді. Жарамсыз деп танылған бюллетеньдер саны – 4, «Барлығына қарсымын» деген жолда белгісі бар – 6.

 Әр үміткерге жақтап берілген дауыстар саны:

Примбетов Кайыркен Дайрабаевич – 210;

Ыханов Галимжан Шайыкович – 1163.

         Дауыс беру нәтижесімен Керделі  ауылдық округінің әкімі болып  Ыханов Галимжан Шайыкович сайланды. 1974  жылы туылған, қазақ, Керделі ауылдық округінің әкімі, Н.Бекежанов ауылында тұрады. «AMANAT» партиясы ұсынған.

 Шиелі аудандық сайлау комиссиясы

Дата публикации
17 сентября 2023