Шиелі ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы анықтама
Шиелі ауданының жалпы жер көлемі 3 239 755 га.
Қазіргі таңда аудандағы 39 елді мекенде барлығы 85758 адам тұрады. Оның ішінде кент орталығында 36212 адам, ауылдық елді – мекендерде 49546 адам тұрады.
2023 жылдың 1 қыркүйекке ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы көрсеткіштері статистика органдарымен қортындыланды.
Жалпы экономикалық тұрғыдан алғанда ауданда тұрақты жағдай қалыптасты.
Қаржы-салық саясаты.
Кірістер бойынша:
Аудандық бюджеттің кірісі 2023 жылдың 1 қыркүйекке болжамдалған 7 млрд 711 млн 782,3 мың теңгенің орнына 8 млрд 414 млн 256,9 мың теңгеге немесе 109,1 пайызға, оның ішінде аудандық бюджеттің өз кірісі болжамдалған 2 млрд 945 млн 200 мың теңгенің орнына 3 млрд 644 млн 928,6 мың теңге болып 123,8 пайызға орындалды.
Шығыстар бойынша:
Аудан бюджетінің шығысы ағымдағы жылдың 1 қыркүйекке жалпы 7 млрд 802 млн 427,4 мың теңгеге жоспарланды.
8 айдың қорытындысымен 7 млрд 793 млн 501,9 мың теңгеге немесе 99,9 пайызға орындалды.
Өнеркәсіп өнімін өндіру
Ауданның өнеркәсіп өнімдерін өндіруші мекемелері мен кәсіпорындары ағымдағы жылдың 8 айында 50 млрд. 391 млн. теңгенің өнеркәсіп өнімдерін өндірді, 2022 жылдың осы кезеңінің салыстырмалы бағасымен алғанда 107,4 пайызды құрады.
Өңдеу өнеркәсібі өнімі көлемі 23 млрд 596 млн. теңгеге жетіп, 119,7 пайызға артты;
Негізгі капиталға салынған инвестицияның көлемі
24 млрд. 239 млн теңгені құрады немесе 2022 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 193,6 пайыз;
Жалпы құрылыс жұмыстарының көлемі 8 млрд. 385 млн теңге болып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 176 пайыз;
Жеке тұрғын үй құрылысы жалпы ауданы 49879 шаршы метрді құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 120,2 пайыз;
Бөлшек сауда көлемі 7 млрд. 97 млн теңге болып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 105,5 пайыз;
Ауылшаруашылық саласы
Аудан бойынша ауылшаруашылығы құрылымдары 11 млрд. 402 млн. теңгенің өнімін өндірді, былтырғы жылдың осы кезеңінің салыстырмалы бағасымен алғанда 100,0 пайызды құрады.
2023 жылдың 1 қыркүйекке тірілей салмақта 3424,1 тонна ет, 13232,8 тонна сүт, 1607,0 мың дана жұмыртқа өндіріліп, тиісті кезеңмен салыстырғанда ет 102,4 пайызға, сүт 102,1 пайызға, жұмыртқа 83,9 пайызға орындалған.
Мал шаруашылығы
2023 жылдың 1 қыркүйекке ірі қара 93267 басты, уақ мал 143425 басты, жылқы 25143 басты, түйе 1705 басты, құс 30079 басты құрап, тиісті кезеңмен салыстырғанда ірі-қара 104,1 уақ мал 107,3, жылқы 107,1, түйе 103,0, құс 99,2 пайызды құрады.
Шағын кәсіпкерлік
2023 жылдың 1 қыркүйекке ауданда тіркелген шағын және орта кәсіпкерліктің саны 7302 субъектіге жетіп, тиісті кезеңмен салыстырғанда 127,1 пайызды құрады. (жеке кәсіпкер-4697, шаруа қожалық-2042, заңды тұлға-563) Оның ішіндегі жұмыс жасап тұрған кәсіпкерлердің саны 7040-ды құрап, жұмыс жасап тұрған кәсіпкерлердің үлесі 96,4 % -ға жетті.
Әлеуметтік сала.
Статистикалық мәліметтерге сәйкес аудан бойынша статистикалық мәліметтерге сәйкес 36213 экономикалық белсенді халықтың 34406 адамы жұмыспен қамтылған. Жұмыссыздар саны 1807 адам, жалпы жұмыссыздық деңгейі 5,0 пайызды құрайды.
2023 жылы 3096 жаңа жұмыс орындарын құру жоспарланып, есепті мерзімге 2368 жаңа жұмыс орны ашылды немесе жылдық жоспар 76,5 пайызға орындалды.