2023 жылғы 17 қыркүйекке тағайындалған Керделі ауылдық округі әкімінің сайлауындағы дауыс беруге арналған шақыру қағазы туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының      14-бабының 1), 3), 8-1) 12) тармақшаларына, 38-бабының 2) тармағына  сәйкес Шиелі аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1) 2023 жылғы 17 қыркүйекке тағайындалған Керделі ауылдық округі әкімінің  сайлауында әзірленуге тиіс дауыс беруге арналған шақыру қағазының саны 2023 жылғы 28 тамыздағы жағдай бойынша сайлаушы азаматтардың бірыңғай электрондық тізіліміне сәйкес Керделі ауылдық округіндегі сайлаушылардың жалпы санының мөлшерінде 1 400 (бір мың төрт жүз)  дананы құрайтын болып белгіленсін.

2) Дауыс беруге шақыру қағазының нысаны осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес белгіленсін.

3) Дауыс беруге шақыру қағазын әзірлеу Қызылорда қаласы, «Ақмаржан» мөлтек ауданы, №15 мекен-жайында орналасқан «НЖА-Бауыр» жеке кәсіпкеріне тапсырылсын.

4) Аудан әкімі аппаратының ақпараттық технологияларды дамыту мемлекеттік қызметтерді мониторингілеу және есеп бөлімінің бас инспектор-бас есепшісі А.Иманбердиевадан  «НЖА-Бауыр» жеке кәсіпкерімен жасалатын келісім-шартты әзірлеп, тиісті есеп айырысу жүргізетін болсын.

5) Осы қаулының орындалуын бақылау аудандық сайлау комиссиясының хатшысы  Э.Бурабаеваға жүктелсін.

 

 

Шиелі аудандық сайлау

комиссиясының төрағасы                                                М.Дулатов

 

Шиелі аудандық сайлау

комиссиясының хатшысы                                                         Э.Бурабаева

 

 

6 қыркүйек 2023 жыл

№АСК-01/15

Дата публикации
08 сентября 2023