«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 8-1) тармағына сәйкес және Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2021 жылғы 7 шілдедегі «Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімін сайлау бойынша дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдері туралы» №9/416 қаулысын негізге алып, Шиелі аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Керделі ауылдық округіндегі сайлаушылардың жалпы санының бір пайызы резервін қоса алғанда, дайындауға және сайлау учаскесіне жеткізілуге тиіс бюллетендерінің жалпы саны 1 704 ( бір мың жеті жүз төрт) дананы құрайтын болып белгіленсін.
- 2023 жылғы 17 қыркүйекке тағайындалған Керделі ауылдық округінің әкімін сайлауында дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдерінің мәтіні осы қаулының 1 қосымшасына сәйкес бекітілсін.
- Дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдерін әзірлеу Қызылорда қаласы, «Ақмаржан» мөлтек ауданы, №15 мекен-жайында орналасқан «НЖА-Бауыр» жеке кәсіпкеріне тапсырылсын.
- Аудан әкімі аппаратының ақпараттық технологияларды дамыту мемлекеттік қызметтерді мониторингілеу және есеп бөлімінің бас инспектор-бас есепшісі А.Иманбердиева «НЖА-Бауыр» жеке кәсіпкерімен жасалатын келісім-шартты әзірлеп, тиісті есеп айырысу жүргізетін болсын.
- Осы қаулының орындалуын бақылау аудандық сайлау комиссиясының хатшысы Э.Бурабаеваға жүктелсін.
Шиелі аудандық сайлау
комиссиясының төрағасы М.Дулатов
Шиелі аудандық сайлау
комиссиясының хатшысы Э.Бурабаева
6 қыркүйек 2023 жыл
№АСК-01/16