Шиелі аудандық сайлау комиссиясының хабары

Шиелі аудандық сайлау комиссиясының 2023 жылғы 9 тамыздағы №АСК-01/04 қаулысымен Керделі ауылдық округі шекарасында Керделі ауылдық округі әкімінің сайлауы жөніндегі сайлау округі құрылды.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 113-1-бабының 2-тармағына сәйкес, Шиелі аудандық сайлау комиссиясының 2023 жылғы 9 тамыздағы №АСК-01/05 қаулысымен Керделі ауылдық округі әкімінің сайлауы 2023 жылғы 17 қыркүйекке тағайындалды.

Бекітілген Керделі ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарына сәйкес кандидаттарды ұсыну 2023 жылғы 10 тамыздан басталады және 2023 жылғы 23 тамыз сағат 18.00-де аяқталады.

Кандидаттарды тіркеу барлық қажетті құжаттар алынғаннан кейін басталады және 2023 жылғы 28 тамыз сағат 18.00-де аяқталады.

Шиелі аудандық сайлау комиссиясының орналасқан мекен-жайы: 120700, Шиелі кенті, Т.Рысқұлов көшесі, №6А, Шиелі аудандық экономика және қаржы бөлімінің ғимараты, байланыс телефоны: 4-32-30, электронды поштасы shieli.sailau@mail.kz, интернет-парақшасына сілтеме: https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-shieli/activities/3288?lang=kk

Шиелі аудандық сайлау комиссиясының құрамы: Дулатов Молдабай Оразбекович – төраға, Палымбет Найла Әбілқасымқызы – төраға орынбасары, Бурабаева Эльмира Базарбайқызы – хатшы, мүшелері: Ермағамбетов Садық, Ахметов Әбдішәки Ауланбергенұлы, Бупежанов Талгат Уалиханович, Кенжесариев Серик Кадрияевич

       №298 учаскелік сайлау комиссиясының орналасқан мекен-жайы: Керделі ауылдық округі, Нартай Бекежанов ауылы, Н.Бекежанов көшесі №9, №156 орта мектеп ғимараты, телефоны: 31-1-56,  эл почта: USK_298@mail.ru  

       №298 учаскелік сайлау комиссиясының құрамы: Бектұрсынов Мейрамбек Жандарбекұлы – төраға,  Майлыбаев Құрманбай  – төраға орынбасары, Мыханова Ақмарал Жұмабайқызы – хатшы, мүшелері: Нақыпов Нұрдәулет Досболұлы, Рахманова Мақпал Әзиқызы, Әбілдашев Ержан Нұғманұлы, Сандыбеков Ақберді Мейрамбекұлы

 

Шиелі аудандық сайлау комиссиясы

Дата публикации
09 августа 2023