Шиелі ауданының 2023-2025 жылдарға арналған Азаматтық бюджеті

Құрметті сайт оқырмандары!

Шиелі ауданының 2023-2025 жылдарға арналған Азаматтық бюджеті

Сіздердің назарларыңызға  аудан бюджетінің негізгі көрсеткіштері, бюджеттік қаражатты қалыптастыру және жұмсау бағыттары туралы ақпараттан тұратын Шиелі ауданының 2023-2025 жылдарға арналған азаматтық бюджеті ұсынылады.

Шиелі ауданының «2023–2025 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» Шиелі аудандық мәслихаты сессиясының 2023 жылғы 22 тамыздағы  №5/10 шешімімен бекітілді.

Аталған құжат келесі бөлімдерден тұрады:

Аудан бюджетінің негізгі параметрлері;

Аудан бюджетінің түсімдері;

Аудан бюджетінің шығыстары. 

Шиелі ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы анықтама 

Шиелі ауданының жалпы жер көлемі 3 239 755 га.

Қазіргі таңда аудандағы 39 елді мекенде барлығы 85739 адам тұрады. Оның ішінде кент орталығында 36203 адам, ауылдық елді – мекендерде 49536 адам тұрады.

2023 жылдың 1 тамызға ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы көрсеткіштері статистика органдарымен қортындыланды.

Жалпы экономикалық тұрғыдан алғанда ауданда тұрақты жағдай қалыптасты.

Қаржы-салық саясаты.

Кірістер бойынша:

Аудандық бюджеттің кірісі 2023 жылдың 1 тамызға болжамдалған              6 млрд. 197 млн. 635 мың теңгенің орнына 6 млрд. 799 млн. 872 мың. теңгеге немесе 109,7 пайызға, оның ішінде аудандық бюджеттің өз кірісі болжамдалған  2 млрд. 384 млн. 441 мың. теңгенің орнына 3 млрд. 4 млн. 960 мың теңге болып 126,0  пайызға орындалды.

Шығыстар бойынша:

Аудан бюджеті ағымдағы жылдың 1 тамызға жалпы
6 млрд. 305 млн. 319 мың теңгеге жоспарланды. 7 айдың қорытындысымен 6 млрд. 131 млн. 864 мың теңгеге немесе 97,2 пайызға орындалды.  

Өнеркәсіп өнімін өндіру.

Ауданның өнеркәсіп өнімдерін өндіруші мекемелері мен кәсіпорындары ағымдағы жылдың 7 айында 43 млрд. 334 млн. теңгенің өнеркәсіп өнімдерін өндірді, 2022 жылдың осы кезеңінің салыстырмалы бағасымен алғанда 101,3 пайызды құрады.

Өңдеу өнеркәсібі өнімі көлемі 19 млрд 570 млн. теңгеге жетіп, 98,3 пайызды құрады.

Негізгі капиталға салынған инвестицияның көлемі
20 млрд. 858 млн теңгені құрады немесе 2022 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 235,4 пайызды құрады.

Жалпы құрылыс жұмыстарының көлемі 7 млрд. 252 млн теңге болып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 179,7 пайызды құрады.

Жеке тұрғын үй құрылысы жалпы ауданы 37691 шаршы метрді құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 103,4 пайызды құрады.

Бөлшек сауда көлемі 5 млрд. 847 млн теңге болып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 105,0 пайызды құрады. 

Ауылшаруашылық саласы.

Аудан бойынша ауылшаруашылығы құрылымдары 8 млрд. 456 млн. теңгенің өнімін өндірді, былтырғы жылдың осы кезеңінің салыстырмалы бағасымен алғанда 101,4  пайызды  құрады.

2023 жылдың 1 тамызға тірілей салмақта 2997,7 тонна ет, 11361,3 тонна сүт, 1372,7 мың дана жұмыртқа өндіріліп, тиісті кезеңмен салыстырғанда ет 102,0 пайызға, сүт 102,3 пайызға, жұмыртқа 83,6 пайызға  орындалған.

Мал шаруашылығы

         2023 жылдың 1 тамызға ірі қара 93161 басты, уақ мал 145967 басты, жылқы 25465 басты, түйе 1705 басты, құс 30079 басты құрап, тиісті кезеңмен салыстырғанда ірі-қара 104,1 уақ мал 107,1, жылқы 107,1, түйе 103,0  пайызды құрады.

Шағын кәсіпкерлік.

2023 жылдың 1 тамызға ауданда тіркелген шағын және орта кәсіпкерліктің саны 7525 субъектіге жетіп, тиісті кезеңмен салыстырғанда 135,2 пайызды құрады. (жеке кәсіпкер-4842, шаруа қожалық-2124, заңды тұлға-559) Оның ішіндегі жұмыс жасап тұрған кәсіпкерлердің саны  7269-ды құрап, жұмыс жасап тұрған кәсіпкерлердің үлесі 96,6 % -ға жетті.

Әлеуметтік сала.

Статистикалық мәліметтерге сәйкес аудан бойынша статистикалық мәліметтерге сәйкес 36213 экономикалық белсенді халықтың 34406 адамы жұмыспен қамтылған. Жұмыссыздар саны 1807 адам, жалпы жұмыссыздық деңгейі 5,0 пайызды құрайды.

2023 жылы 3096 жаңа жұмыс орындарын құру жоспарланып, есепті мерзімге 1962 жаңа жұмыс орны ашылды немесе жылдық жоспар 63,4 пайызға орындалды.

Ауданның негізгі әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің қорытындылары жайлы мәліметі

 
 

р/н

Атауы

2022  жыл                    1 тамызға 

2023  жыл                    1 тамызға 

%

 

I

Өнеркәсіп өнімін өндіру, млн. теңге  (нақты көлем индексімен)

40394,0

43334,0

101,3

 

1

Кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу

16131,7

20011,7

104,6

 

1.1.

Металл кендерін өндіру

15799,2

19603,6

105,9

 

1.2.

Өзге де пайдалы қазбаларды өндіру

182,7

355,2

114,2

 

 

 

 

 

 

 

2

Өңдеуші өнеркәсібі, млн. теңге

21206,0

19570,0

98,3

 

2.1.

Етті қайта өңдеу, консервілеу және ет өнімдерін өндіру

98,6

61,5

100,8

 

2.2.

Сүт өнімдерін өндіру

165,1

24,3

100,0

 

2.3.

Ұн тарту өнеркәсібі өнімдерін, крахмалдар және крахмал өнімдерін өндіру

848,0

926,7

100,0

 

2.4.

Нан және ұн өнімдерін өндіру

488,6

132,2

100,0

 

2.5.

Киім өндіру

10,3

5,1

100,0

 

2.6.

Жазылған материалдарды басып шығару және жаңғырту

3,2

1,1

64,0

 

2.7.

Резеңке және пластмасса бұйымдарын өндіру

2105,7

2079,1

100,2

 

2.8.

Өзгеде металл емес минералдық өнімдерді өндіру

1570,9

15133,0

96,5

 

2.9.

Машиналар мен жабдықтарды жөндеу және орнату

724,9

174,1

134,6

 

 

 

 

 

 

 

3

Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптау

2560,3

3186,4

106,8

 

3.1.

Электр энергиясын өндіру, беру және бөлу

2282,0

2916,0

106,0

 

3.2.

Газ тәрізді отынды өндіру және бөлу

278,6

269,7

115,6

 

 

 

 

 

 

 

1

Сумен жабдықтау; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызмет

495,8

565,2

99,8

 

 

 

 

 

 

 

II

Ауыл шаруашылығы өнімін өндіру, млн.теңге

7222,0

8456,2

101,4

 

 

 

 

 

 

 

2

Мал шаруашылығы, мал саны (бас)

 

 

 

 

2.1

Ірі қара мал

89509

93161

104,1

 

2.2

Қой-ешкі

136320

145967

107,1

 

2.3

Жылқы

23775

25465

107,1

 

2.4

Түйе

1656

1705

103,0

 

2.5

Құс

31918

30079

94,2

 

 

 

 

 

 

 

3

Мал шаруашылығы, мал өнімі

 

 

 

 

3.1

Ет (тірілей салмағымен), тн

2939,7

2997,7

102,0

 

3.2

Сүт, тн

11104,6

11361,3

102,3

 

3.3

Жұмыртқа, мың дана

1642,8

1372,7

83,6

 

 

 

 

 

 

 

III

Құрылыс, инвестиция

 

 

 

 

1.

Жеке тұрғын үй құрылысы,жалпы ауданы, шаршы метр

36464,0

37691,0

103,4

 

2.

Құрылыс жұмыстарының жалпы көлемі, млн теңге

4004,0

7252,0

179,7

 

3.

Негізгі капиталға салынған инвестиция, млн теңге

8587,0

20858,0

235,4

 

 

 

 

 

 

 

IV

Бөлшек сауда көлемі, млн. теңге

4772,1

5847,6

105,0

 

 

 

 

 

 

 

V

Тіркелген шағын және орта кәсіпкерліқ субьектілерінің саны, барлығы (статистикалық мәліметпен):

5564

7525

135,2

 

1.

 заңды тұлға

562

559

99,5

 

2.

 шаруа кожалықтары

1876

2124

113,2

 

3.

 жеке кәсіпкерлер

3126

4842

154,9

 

4.

жұмыс істейтін адам саны

9258

10230

110,5

 

 

 

 

 

 

 

VI

Жұмыспен қамту

 

 

 

 

1.

хабарласқандар саны

2345

4193

178,8

 

2.

қоғамдық жұмысқа жолдама алғандар, саны

886

971

109,6

 

3.

жұмысқа орналасқандар, саны

1055

880

83,4

 

4.

жұмыссыздар саны

1801

1807

100,3

 

5.

жұмыссыздық деңгейі, пайыз

5,0

5,0

100,0

 

 

 

 

 

 

 

VII

Бюджет

болжам

нақты

 

 

1.

Жергілікті бюджет кірісі, мың теңге

6197635,6

6799872,4

109,7

 

2.

Оның ішінде: өз кірістері, мың теңге

2384441,0

3004960,0

126,0

 

3.

Жергілікті бюджет шығысы, мың теңге

6305319,4

6131864,1

97,2

 

 

2023-2025 жылдарға арналған Шиелі ауданы бюджетінің негізгі параметрлері

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

мың теңге

 

Атауы

2023 жыл

2024 жыл

2025 жыл

 

болжам

болжам

болжам

Түсімдер оның ішінде:

13184578,7

7934735

8025052

1. Кірістер, оның ішінде:

4469089

4093482

4143466

Салықтық түсімдер

4220564

3916172

3957292

Салықтық емес түсiмдер

140890

142355

149472

Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер

107635

34955

36702

Трансферттердің түсімдері, оның ішінде:

8715489,7

3841253

3881586

Субвенция

3801715

3841253

3881586

Жоғарғы бюджеттен нысаналы трансферттер түсімдері

     4913774,7

 

 

 

 

 

 

Шығыстар

13584782

7934735

8025053

оның ішінде:

 

 

 

Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер

2873547,4

1768386

1786955

Қорғаныс

10840

10953

11068

Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызметі

92262

95282

96282

Бiлiм беру

0

0

0

Әлеуметтiк көмек және әлеуметтiк қамтамасыз ету

2396399,1

3798600

3838485

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық

1144857

-

-

Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістiк

1090749,7

807889

848283

Отын-энергетика кешенi және жер қойнауын пайдалану

 

1765898

 

 

Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары

122205,6

126617

127946

Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі

168570,9

86802

87713

Көлiк және коммуникация

355853,6

321493

324868

Басқалар

485961

   

Борышқа  қызмет көрсету

125070

-

-

Трансферттер

2952567,7

918713

903453

 «2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заңына сәйкес 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап келесілер құрылды:

Жалақының ең төмен мөлшері – 70 000  (2022 жылы - 60 000) теңге;

Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төмен мөлшері – 24 341 (2022 жылы -      19 450) теңге;

Зейнетақының ең төмен мөлшері –  53 076 (2022 жылы - 46 302) теңге;

айлық есептік көрсеткіш  – 3 450 (2022 жылы - 3 063) теңге мөлшерінде;

ең төменгі күнкөріс деңгейі –  40 567 (2022 жылы - 36 018) теңге.

Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасының Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында күші болады және барлық жеке және заңды тұлғаларға қолданылады.

Аудандық бюджет – орталықтандырылған ақша қоры, салық және салық емес түсімдер және негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер есебінен құралатын, Қазақстан Республикасы Бюджет Кодексімен белгіленіп және ауданның деңгейінде бағыныстағы мемлекеттік мекемелердің жергілікті атқарушы органдардың міндеттері мен функцияларын қаржымен қамтамасыз ету. 

        Аудандық бюджеттің түсімдері және шығындары

2023-2025 жылдарға арналған аудандық бюджет Қазақстан Республикасы Бюджет кодексіне, «2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджет» Қазақстан Республикасы Заңына, «2023-2025 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Қызылорда облыстық мәслихатының 2022 жылғы 13 желтоқсандағы №153 шешіміне сәйкес, 2023-2027 жылдарға арналған әлеуметтік экономикалық даму және ауданның бюджет параметрлерінің және Қазақстан Республикасы Елбасының жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдауы негізінде әзірленді.

Аудандық бюджеттің бірінші кезекте экономика қолдауын жүргізу бойынша, әлеуметтік мәселе шешу бойынша шаралар қолдану, облыс халқының өмір сұру деңгейін көтеру негізігі бағыттары болып табылады.

«2023-2025 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» Шиелі аудандық мәслихатының 2023 жылғы 22 тамыздағы №5/10 шешімімен бекітілді.

Түсімдері

2023-2025 жылдарға арналған аудандық бюджет түсімдерінің болжамы бюджеттің түсімдерін болжамдау Әдісімен, өңірдің орта мерзімді әлеуметтік экономикалық дамуының макроэкономикалық көрсеткіштері негізінде, ҚР Салық, Бюджет кодекстеріне және басқа және да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес болжамдалған.

             Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 109 бабының 1 тармағына сәйкес аудандық бюджетке өзгерістер енгізілуде.

           2023 жылға арналған аудандық бюджеттің салық түсімдерінен корпоративтік табыс салығынан 20 млн  теңге, жеке табыс салығынан 135 млн  теңге, әлеуметтік салықтан 135 млн  теңге, тауарларға, жұмыстарға және қызметтерге салынатын iшкi салықтардан 4 млн 700 мың теңге, мемлекеттік баж салығынан 50 млн  теңге, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдерден 73 млн  теңге, барлығы 417 млн 700 мың теңгеге көбейтілуде.

         2023-2025 жылдарға арналған аудандық бюджеттің өз кірістері (трансферттерді есепке алмағанда) төмендегідей көлемде белгіленді.

            2023 жылға – 4 220 564,0 мың  теңге;

         2024 жылға – 4 093 484 мың  теңге;

         2025 жылға –  4 143 466 мың теңге.

Аудандық бюджеттің салықтық түсімдерінің ең үлкен мөлшерін төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығы және әлеуметтік салық құрайды.

Алдағы үш жылдық кезеңге аудандық бюджеттің облыстық бюджетпен қатынасы жеке табыс салығы мен әлеуметтік салық бойынша нормативтік аударымдар аудару арқылы реттелуде, оның ішінде:

облыстық бюджетпен:

101.201 «Төлем көзінен салық салынатын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы» және 101.205 «Төлем көзінен салық салынбайтын шетелдік азаматтар табыстарынан ұсталатын жеке табыс салығы» кодтары бойынша 50 пайыз, облыстық бюджетке 50 пайыз;

101.202 «Төлем көзінен салық салынбайтын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы» коды бойынша толығымен аудандық бюджетке 100 пайыз;

103.101 «Әлеуметтік салық» коды бойынша 50 пайыз, облыстық бюджетке 50 пайыз.

Сонымен бірге республикалық бюджет қаржысы есебінен ауылдық елді мекендердегі мамандарды әлеуметтік қолдау шараларын іске асыруға берілген бюджеттік кредиттер бойынша сыйақы төлеуге 125 мың теңге қаралды.

Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдерінің жоспары:

2023 жылға – 107 635 мың теңге;

2024 жылға – 34 955 мың теңге;

2025 жылға – 36 702 мың теңге болып белгіленді.

Бюджеттік кредиттерді өтеу санаты бойынша 2023 жылға заңды тұлғаларға жергілікті бюджеттен республикалық бюджеттің қаржысы есебінен ауылдық елді мекендердің әлеуметтік сала мамандарын әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру үшін берілген бюджеттік кредиттердің өтеуі 198610 мың теңге көлемінде белгіленді.

Жалпы сипаттағы трансферттер (бюджет субвенциялар)

         Республикалық немесе облыстық бюджеттерде бекітілген сома шегінде жоғары тұрған бюджеттерден төмен тұрған бюджеттерге берілетін трансферттер бюджет субвенциялары болып табылады.

         Жалпы сипаттағы трансферттер бюджеттің әрбір деңгейі үшін Бюджеттік кодекспен бекітілген шығыстардың бағыттарына сәйкес мемлекеттік кепілдендірілген қызмет көрсетулерді ұсыну їшін өңірлердің бюджеттік қамтамасыз етілу деңгейін теңестіруге және тең фискалдық мүмкіндіктерді қамтамасыз етуге бағытталған. Жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі тиісті жергілікті бюджеттің кірістері (трансферттерді шегергенде) мен шығындарының болжамды көлемдері арасындағы айырма ретінде айқындалады.
         Жалпы сипаттағы трансферттерді айқындау кезінде өңірдің салықтық әлеуеті, өңірдегі көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді тұтынушылар саны, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің бекітілген стандарттары және сол немесе өзге де өңірдің өзіндік ерекшелігіне байланысты көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді ұсыну жөніндегі шығыстарға әсер ететін факторлар ескеріледі.

 «2023-2025 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы» Қызылорда облыстық маслихатының 2022 жылғы 13 желтоқсандағы №689 шешімімен 2023-2025 жоспарлы кезеңгі жылдарға облыстық бюджеттен берілген аудандар және Қызылорда қаласы бюджеттеріне  субвенция көлемі белгіленді.

Сонымен қатар, облыстық бюджеттен түсетін жалпы сипаттағы трансферттер 2023 жылға 8715489,7 мың теңге, 2024 жылға 5911615 мың теңге, 2025 жылға 6719623 мың теңге көлемінде жоспарланып отыр.

«2023-2025 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Қызылорда облыстық мәслихатының 2022 жылғы 13 желтоқсандағы №153 шешіміне сәйкес аудандық бюджетке облыстық бюджеттен 4 896 527,7 мың теңге ағымдағы нысаналы трансферттер, 2 403 437,7 мың теңге нысаналы даму трансферттер,  республикалық бюджеттен 2 493 090 мың теңге нысаналы даму трансферттер бөлінді.

2023 жылға бөлінген қаржы туралы

     

№

Атауы

мың теңге

Барлық жиыны

4 896 527,7

Республикалық бюджеттен

271 714

1

Еңбекші ауылының газ тарату желілерінің құрылысы

270 356

2

Spina bifida диагнозымен ауыратын балаларға бір реттік пайдалану үшін  берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер

1358

Ұлттық қордан

2 144 437

1

Жиделіарық ауылында газ тарату желілерінің құрылысы

172 157

2

халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй сатып алуға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер

480000

3

Шиелі ауданы Алмалы ауылдық округі Алмалы ауылына жеткізуші газ құбыры және кварталішілік газ тарату желілерінің құрылысы

300 000

4

Шиелі ауданы Телікөл ауылдық округі Ә.Тәжібаев ауылына жеткізуші газ құбыры және кварталішілік газ тарату желілерінің құрылысы

500 000

5

Шиелі ауданы Ақтоған ауылдық округі Досбол датқа  ауылының газ құбырын және орамішілік газ тарату желілерінің құрылысы

138 103

6

Шиелі ауданы Бестам ауылдық округі Бестам ауылының жеткізуші газ құбырын және кварталішілік газ тарату желілерінің құрылысы

150 000

7

Шиелі ауданы, Ортақшыл ауылдық округі, Қызылқайың елді мекеніне сумен қамту жүйелерінің және бас су қоймасының құрылысы

213 999

8

Шиелі ауданы, Еңбекші ауылдық округі, Қосүйеңкі елді мекеніне сумен қамту жүйелерінің және бас су қоймасының құрылысы

190 178

Облыстық бюджеттен

1 559 185,1

1

Шиелі ауданы, Сұлутөбе елді мекеніндегі "Самара-Шымкент-Сұлутөбе" (М. Тоқамағанбетов көшесі) автомобиль жолын күрделі жөндеу 3 км

241 277

2

Өмірге қажет мамандық бойынша әлеуметтік тұрғыдан халықтың осал тобы қатарынан білім алушы студенттерге әлеуметтік көмек көрсетуге

25 921

3

Санаторлы-курорттық емделу қызметін алатын мүгедектігі бар адамдарға ілесіп жүрушілердің шығындарын өтеуге әлеуметтік көмек

3 588

4

Шиелі тұрғындар арасында діни ағартушылық жұмыстарын жүргізу әлеуметтік жобасы

22 452,1

5

Шиелі ауданы Шиелі кентіндегі көшелерді орташа жөндеу

563 883

6

"Шиелі ауданы Шиелі кентінде дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы" жобасын қоса қаржыландыру

55 252

 7

  "Шиелі ауданы Шиелі кентіндегі Г.Н.Ковтунов атындағы №252 мектеп-гимназияның қазандық ғимаратының құрылысы"

57 060

 8

 Шиелі ауданы Алғабас ауылындағы "Балауса" балабақшаның қазандық ғимаратының құрылысы

59 959

 9

Шиелі ауданы Бекежанов елді мекеніндегі "Қарлығаш" балабақшаның қазандық ғимаратының құрылысы 42 млн 159 мың теңге.

43 159

 10

Шиелі ауданы Сұлутөбе елді мекеніндегі "Раушан" балабақшаның қазандық ғимаратының құрылысы 45 млн 395 мың теңге.

46 395

11 

Шиелі ауданы Шиелі кентіндегі М.Зекеев және Бөлтекейұлы көшелерінің бойындағы су құбырыларының құрылысына 68 млн 791 мың теңге

68 791

12 

 Шиелі кентіндегі Әл-Фараби, Досбол датка, Дәулеткерей, А. Байтұрсынов, Жақаев, Абылай хан, Будабай, С. Сейфуллин, Шәкәрім көшелерін күрделі жөндеу жұмыстарына

300 000

13 

 "Шиелі ауданы, Ортақшыл ауылдық округі, Қызылқайың елді мекеніне сумен қамту жүйелерінің және бас су қоймасының құрылысы" жобасын қоса қаржыландыру

22 565

14 

"Шиелі ауданы, Еңбекші ауылдық округі, Қосүйеңкі елді мекеніне сумен қамту жүйелерінің және бас су қоймасының құрылысы" жобасын қоса қаржыландыру

20 053

15 

өңірлерге қажет мамандықтар бойынша әлеуметтік тұрғыдан халықтың осал тобы қатарынан білім алушы студенттерге әлеуметтік көмек көрсетуге

11 602

16 

Шиелі ауданы, Жуантөбе елді мекеніне кешенді блок-модуль орнатуға

17 228

Ауыл ел бесігі бағдарламасы

921 192

1

Шиелі ауданы Көкшоқы шағын ауданындағы И.Абдукаримов көшесі 13-а спорт кешені ашық алаңын (стадион) күрделі жөндеу

224 630

2

Шиелі кентіндегі Арай мөлтек ауданының көшелерін орташа жөндеу

63 337

3

Ш. Қодаманов елді мекненің  Н.Корганбаев көшелерін орташа жөндеу

15 814

4

Ш. Қодаманов елді мекненің  Н.Кылышбаев көшелерін орташа жөндеу

20 914

5

Ақмая елді мекенінің  Ы.Алтынсарин көшеcін орташа жөндеу

19 290

6

Ақмая елді мекенінің  Иргели көшелесін орташа жөндеу

18 887

7

Бәйгеқұм елді мекенінің Досбол би  көшелесін орташа жөндеу

19 704

8

Бәйгеқұм елді мекенінің Әуезов   көшелесін орташа жөндеу

20 118

9

Бәйгеқұм елді мекенінің Абай  көшелесін орташа жөндеу

7 608

10

Бәйгеқұм елді мекенінің Уалиханов көшелесін орташа жөндеу

7 185

11

Ы. Жахаев елді мекенінің С.Калымбетов, С.Торебаев  көшелерін орташа жөндеу

68 382

12

Ы. Жахаев елді мекенінің Р.Нурекеев, А.Кунанбаев, А.Коспанбетов, Т.Адилов, И.Шохаев, кварталы №14, №15 көшелерін орташа жөндеу

104 925

13

Бала би елді мекенінің У.Алиханов көшелесін орташа жөндеу

45 946

14

Бала би елді мекенінің Баекеев көшелесін орташа жөндеу

4 200

15

Бала би елді мекенінің Оразбаев көшелесін орташа жөндеу

8 796

16

Бала би елді мекенінің Оспанов көшелесін орташа жөндеу

12 511

17

Бала би елді мекенінің Палымбетов көшелесін орташа жөндеу

16 259

18

Бала би елді мекенінің Сатбаев көшелесін орташа жөндеу

10 723

19

Тартоғай елді мекенінің М.Шохай көшелесін орташа жөндеу

13 624

20

Тартоғай елді мекенінің С.Ершохаева көшелесін орташа жөндеу

33 276

21

Шиелі ауданының Шиелі кентінде А.С. Пушкин атындағы № 46 мектеп-лицей қазандығының ғимаратын салу Ауыл-Ел бесігі" жобасы шеңберінде

45093

22

Шиелі ауданы Алғабас ауылындағы № 157 Б. Пәрімбетов атындағы орта мектептің қазандық ғимаратын салу Ауыл-Ел бесігі" жобасы шеңберінде

39 970

23

Шиелі кентіндегі 10/0,4кВ электр желілерін реконструкциялау Ауыл-Ел бесігі" жобасы шеңберінде

100 000

 Аудандық бюджеттің шығындары

Жоспарланған 2023-2025 жылдарға арналған бюджет шығындарының негізгі басымдылығы мемлекет кепілдік берген міндеттемелерді және азаматтарды әлеуметтік қолдау деңгейін сақтау, аудан экономикалық дамытудың тиімділігін арттыруды қолдау және қажетті шарттарын жасаудың бірінші кезектегі шараларын көру, сонымен қатар Президенттің Қазақстан халқына жолдауынан туындайтын шараларды жүзеге асыру болып табылады.  

2023 жылға арналған аудандық бюджет жобасы елімізде орын алған пандемияға, Президенттің Қазақстан халқына жолдауының іс-шараларын жүзеге асыру, халықтың әлеуетін жақсартуға, жұмыссыздықты болдырмауға жасалған бюджет.

Сала бойынша 2023 жылғы аудандық бюджеттің шығындары 

мың.теңге

ф/г

Атауы

2023 жылға арналған жоспар

 

II. Шығындар

13584782

01

Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер

2873547,4

02

Қорғаныс

10840

03

Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызметі

92262

04

Бiлiм беру

0

05

Денсаулық сақтау

0

06

Әлеуметтiк көмек және әлеуметтiк қамтамасыз ету

2396399,1

07

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық

1144857,0

08

Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістiк

1090749,7

09

Отын-энергетикалық кешенi және жер қойнауын пайдалану

1765898,0

10

Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары

122205,6

11

Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі

168570,9

12

Көлiк және коммуникация

355853,6

13

Өзгелер

485961

14

Борышқа  қызмет көрсету

125070

15

Трансферттер

2952567,7

Жыл сайын аудандық бюджеттің шығындары 15 функционалдық топ бойынша жоспарланады.

Жергілікті атқарушы органдар мақсатты трансферттерді және кредиттерді  тек мақсаты сай жұмасалып өзінің тиісті бюджеттік бағдарламасына отырғызылып пайдаланады.

Мақсатты трансферттер ағымдағы нысаналы трансферттер және даму нысаналы трансферттерге бөлінеді.

Ағымдағы нысаналы трансферттер  Жалпы сипаттағы трансферттердің үш жылдық көлемінің қолданылуы кезеңінде республикалық немесе облыстық бюджеттерде бекітілген сома шегінде: жоғары тұрған бюджеттер төмен тұрған бюджеттерге беретін, жергілікті бюджеттер шығыстарыныѕң ұлғаюына және (немесе) кірістерінің азаюына әкеп соғатын, заңнамалық актілерді, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің, облыстың өкілді және атқарушы органдарының, актілерін қабылдаудан туындайтын төмен тұрған бюджеттердің шығындарын өтеуге бағытталған. Мысалы, тұқым шаруашылығын қолдау, білім беретін оқу орындарының оқу-өндірістік шеберханаларын, зертханаларын жаңартуға және қайта жабдықтауға, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін қамтамасыз етуге және кеңейтуге және тағы басқа.

Нысаналы даму трансферттер жоғары тұрған бюджеттер төмен тұрған бюджеттерге жергілікті бюджеттік даму бағдарламаларын іске асыру үшін республикалық немесе жергілікті бюджетте бекітілген сомалар шегінде беретін трансферттер нысаналы даму трансферттері болып табылады.

 Жергілікті атқарушы органдар нысаналы даму трансферттерінің сомаларын айқындау үшін тиісті жоғары тұрған органға жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың тізбесі мен олар бойынша шығыстар сомалары көрсетілген өтінімдерді ұсынады.

«Бюджет тапшылығы (профициті)»

Бюджет тапшылығы – бұл теріс сальдосы бар ұлттық бюджет, яғни бюджеттің жоспарланған шығыс міндеттемелерінің сомасы болжамды кірістердің сомасынан асатын қаржылық-экономикалық жағдай.

Бюджет профициті – бұл нөлдік мәннен асатын сальдосы бар ұлттық бюджет, яғни бюджеттің жоспарланатын Шығыс міндеттемелерінің сомасы болжанатын кірістер сомасынан аз болатын қаржы-экономикалық жағдай (бюджеттің жай-күйі тапшылыққа қарама-қарсы).

"2023-2025 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы" Шиелі аудандық мәслихатының 2023 жылғы 22 тамыздағы №5/10 шешіміне сәйкес бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) көлемі 615 593,3 мың теңгені құрады.

2023 жылы республикалық   бюджеттік кредиттердің бөлінісі

мың теңге

III

Кредиттер

414000,0

 

Мамандарды әлеуметтік қолдау шараларын іске асыруға берілетін бюджеттік кредиттер

414000,0

Кенттер, ауылдық округтер бюджеттері

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Бес институционалдық реформаны іске асыру жөніндегі 100 нақты қадам» ұлт жоспарының 98-қадамын іске асыру  шеңберінде 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2000-нан астам халқы бар қала, кент және ауылдық округтерде бюджеттің 4-деңгейі енгізілді. 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап халқы 2000-нан кем ауылдық округтер кірді.  Әрбір ауыл әкімдері Бюджет кодексінің 52-1 бапқа сәйкес жергілікті салық түсімдерінен және ауылдық округ әкімдерінің иелігіндегі меншікті жалға беруден түсетін кірістерден, сыртқы жарнаманы орналастырғаны үшін төлемақылардан, әкімшілік құқық бұзушылық үшін айыппұлдардан, жеке және заңды тұлғалардың ерікті алымдарынан қолма қол бақылау шоттарына түсімдер түсіру арқылы кірістері жоспарланып, шығындары мен айырмасы субвенция ретінде жоспарланды. 2023 жылы  ауданның барлық кенттер, ауылдық округтер бюджеттері қалыптастырылып, бекітілді

4-ші деңгейлі бюджеттің 2023-2025 жылдарға кірістер көлемдері төмендегідей болып белгіленді:

2023 жылы – 239 334 мың теңге;

  1. 2023-2025 жылдарға арналған аудандық бюджетте, аудандық бюджеттен кенттер, ауылдық округтер бюджеттеріне берілетін бюджеттік субвенциялар төмендегі көлемдер бойынша көзделсін, оның ішінде:

         Кенттер, ауылдық округтер бюджеттерінің 2023 жылға параметрлері:        

                                                                                                                        мың теңге

шығыстар

Қоғамдық даму бөлімінен аппарат шығындарынан 2 млн 524 мың теңге, жастар саясаты саласында іс-шараларды іске асыру 816 мың теңге, кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінен аппарат шығындарынан 1 млн                  65 мың теңге, күрделі шығыстарынан 366 мың теңге, Құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінен Сұлутөбе елді мекендегі "Құмжарған" каналынан, Береке мөлтек ауданына газ тарту желілеріне жоба сметалық құжаттарды әзірлеп, сараптаманың оң қортындысын алудан 1 млн 671 мың теңге, Шиелі кентіндегі 18 пәтерлі 5 тұрғын үйлерге электр желісін кіргізу жұмыстарынан                1 млн 65 мың теңге, Шиелі кентінен 50 үйді сатып алудың қосымша қаржысынан 48 млн  теңге, қызметтік тұрғын үй сатып алудан 2 млн 571 мың теңге, әкімшілік ғимараты ағымдағы жөндеу жұмыстарынан 6 млн 979 мың теңге, барлығы 60 млн 376 мың теңге, жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінен жұмыспен қамту орталығының қызметін қамтамасыз етуден 17 млн 412,9 мың теңге, мәдениет және спорт бөлімінен аппарат шығындарынан 212 мың теңге, кітап сатып алудан 216 мың теңге, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінен автомобиль жолдарының қызметін қамтамасыз етуден 200 мың теңге, барлығы 83 млн 187, 9 мың теңге шегеріліп, төмендегі бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне бағытталуда. Атап айтқанда:

           Аудандық мәслихат аппаратына депутаттардың оқу ақысмен, іс сапар шығындарына 1 млн 200 мың теңге;

           Аудан әкімі аппаратына әкімшілік ғимараттың шатырын ауыстыруға 7 млн теңге;

           Шиелі кенті әкімі аппаратына аппарат шығындарына  2 млн 550 мың теңге, (өзгеде қорлар алуға, Рәміздер алаңына ту, елтаңба алып жаңалауға), қызметтік үйді ағымдағы жөндеуге 52 млн 362 мың теңге, түнгі жарық шамдардың төлем ақысына 11 млн 684 мың теңге, М. Шоқай алаңындағы су бұрқағын ағымдағы жөндеуге 1 млн 200 мың теңге, 10 дана демалыс орындарына орындақтар мен қоқыс жәшігін орнатуға 3 млн 800 мың теңге, LED  экранды күтіп ұстауға 1 млн 500 мың теңге, Рухани жаңғыру аллеясын ағымдағы жөндеуге 17 млн теңге, абаттандыру жұмысына 18 млн 368 мың теңге, (кітапхана жанын абаттандыруға, көпірдің жанын ою өрнекет жасауға, краска алуға), мүсінін орнатуға  7 млн 500 мың теңге, (Төле би, Қазбек би, Әйтеке би), жасыл желектерге тамшылатып суару жүйесін орнатуға, көгалдандыру үшін ұңғыма бұрғылау жұмыстарына 15 млн 274 мың теңге, Жәрмеке-2023 және 23 дана сауда саттық орындарын орнату 10 млн 129 мың теңге, кенттің ішкі көшелерін қайта жаңғырту жұмыстарына 100 млн теңге              (Әль-Фараби, Досбол Датқа, Дәулеткерей, А. Байтұрсынов. Ы. Жақаев, Абылайхан, Бұдабай, С. Сейфуллин, Шәкәрім, өтпелі кезең көшелерді бастауға), барлығы 241 млн 367 мың теңге;

       Сұлутөбе әкімі аппаратына тех. қызметкердің еңбек ақысына 2 млн 316 мың теңге, Сұлутөбе ауылдық клубқа стандартқа сәйкес пандус орнатуға 2 млн 65 мың теңге, әкімшілік ғимараттың жылыту пешінің тозуына байланысты жаңадан пеш сатып алып орнатуға 959 мың теңге, ішкі жолдарын орташа жөндеуден өткізу жұмыстарына 100 мың теңге,  барлығы 5 млн 440 мың теңге;

      Ақтоған әкімі аппаратына қызметкердің өтемақы төлеміне 255 мың теңге, ішкі жолдарды орташа жөндеу жұмыстарына жоба сметалық құжат әзірлеп, сараптамадан өткізуге 2 млн 345 мың теңге, жаяу жүргінші жолын салуға 6 млн теңге, барлығы 8 млн 600 мың теңге;

           Иіркөл әкімі аппаратына мәдениет үйіне мүмкіндігі шектеулі жандардың кіріп шығуына 1 млн 777 мың теңге (көрермен залына бағыттаушы тактильді жолақтар, кедергіні ескертетін тактильді плиткалар, қабырға тұтқалары, бейімделген лифті, дәретхана және жуынатын бөлмені су құбырларымен жабдықтауға), балалар ойынымен спорт алаңын орнатуға 12 млн 973 мың теңге, ішкі жолдарды күрделі жөндеу жұмыстарына жоба сметалық құжат әзірлеп, сараптамадан өткізуге 3 млн 920 мың теңге теңге, барлығы 18 млн 670 мың теңге;

           Жаңатұрмыс әкімі аппаратына С. Асанов көшесінің бойынан жаяу жүргіншілер жолын салуға 6 млн теңге, көшелерді орташа жөндеуден өткізуге жоба сметалық құжат әзірлеп, сараптама қорытындысын алуға 2 млн 416 мың теңге,  (Б.Әбдімомынов, 1 квартал, С.Асанов тұйығы, А. Байкенже, 8 квартал, С.Ережепов тұйығы), барлығы 8 млн 416 мың теңге;

           Телікөл әкімі аппаратына тех. қызметшілердің еңбек ақысына 1 млн
583 мың теңге, қызметтік автокөлікке қосалық бөлшектер алуға 414 мың теңге, барлығы 1 млн 997 мың теңге;

           Жуантөбе әкімі аппаратына мәдениет үйіне штат бірліктерін алуға 2 млн 485 мың теңге (әдіскер 1, музыка жетекші толықтыруға 0,5, аккомпанятор толықтыруға 0,5, есепшісін толықтыруға 0,5 штат), мәдениет үйінің бу қазандығына ағымдағы жөндеу жұмысына 540 мың теңге (форсункасын айырбастауға, су айдайтын насосын алуға), ішкі жолдарды қайта жаңғырту жұмыстарына жоба сметалық құжат әзірлеп, сараптамадан өткізуге 2 млн 982 мың теңге (Д. Сариев  1 шм, А. Иманов 2 шм, Ш. Дилдебаева 1 шм, Атамекен 1,4 шм, Мәдениет 1 шм, Ынтымақ 0,15 метр, Жибек жолы 0,8 метр, А. Құнанбаев 0,8 метр,  Достық    1 шм, Жастар 0,25 метр, Бірілік  0,2 метр, А. Құнанбаев тұйығы 0,2 метр барлығы 9,8 шм),  барлығы 6 млн 7 мың теңге;

           Талаптан әкімі аппаратына ішкі жолдарды қайта жаңғырту жұмыстарына жоба сметалық құжат әзірлеп, сараптамадан өткізуге 7 млн 396 мың теңге (М. Жазықбаев 3,3 шм, Д. Алимбаев 0,42 метр, С. Сейфуллин 1,2 шм, Талаптан 0,80 метр, Н. Жандаев 1,2 шм, К. Баекеев   0,85 метр, М. Кеншинбаев 2,7 шм, Нәзен бау 2,6 шм, Әбу Оспанов 2,2 шм, Атауы жоқ көше 0,50 метр, барлығы 15,8 шм);

           Тартоғай әкімі аппаратына балалар ойын аланын салуға 6 млн 962 мың теңге, Б. Момышұлы көшесін күрделі жөндеу жұмысына жоба сметалық құжат әзірлеп, сараптамадан өткізуге 1 млн 861 мың теңге, барлығы  8 млн 823 мың теңге;

           Қоғалы әкімі аппаратына 1 есепші штат бірліктерін алуға  698 мың теңге;

           Бәйтерек әкімі аппаратына Елді мекендегі көшелерді орташа жөндеуден өткізуге жоба сметалық құжат әзірлеп, сараптама қорытындысын алуға 8 млн 172 мың теңге (Ә. Молдағүлова, Бейбітшілік, М. Басанова, Х. Лонтий, Ә. Досжанов, Р. Жүсіпов, Сейхун, Сығанақ, М.Самбетов, Оқшы ата, Сырдария тұйығы, Р. Балтеев, Б. Мамбетов, А. Қазбеков, Қаратау, Б. Айдосов тұйығы, М. Мырзалиев тұйығы, 12 квартал, 16 қвартал, 17 квартал,  27,28,29 квартал, барлығы 15,6 );

           Жөлек әкімі аппаратына баларлар ойын алаңы орнатуға 7 млн 861 мың теңге, қызметтік тұрғын үйді күрделі жөндеуден өткізуге жоба сметалық құжат әзірлеп, сараптама қорытындысын алуға 673 мың теңге, барлығы 8 млн 534 мың теңге;

           Құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөліміне  Жиделіарық елді мекенінде 150 орындық клубтың жұмыс жобасы бойынша берешек қаржыны өтеуге 8 млн 952 мың теңге (мамандырылған ауданаралық эконмикалық соттың 2023 жылдың 8 ақпандағы №4360-23-1/234 ұйғарымына сәйкес), электр қондырғыларға техникалық күтіп ұстау шығындарына 3 млн 113 мың теңге, (Иркөл 10/0,4 кв қосалқы станция 6 дана 1137,0 мың теңге. Береке 10 кВәуе желісі 3,3 км 397,0 мың теңге, Иркөл 0,4 Кв әуе желісі 17 км 1580,0 мың теңгң ), барлығы 12 млн 65 мың теңге; 

          Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне Самара-Шымкент жолының бойындағы жаңа Шиелі, Шиелі-Ақмая, каналындағы көпірлерді күрделі жөндеуге, Жансейіт-Ортақшыл аудандық маңыздағы автомобиль жолын күрделі жөндеуге, 1 Мамыр, Бірлестік, Майлытоғай, Тоғайлы елді мекеніндердегі ауыз сумен қамту жүйелерімен, ішкі желілеріне, Шиелі кенті А. Байтұрсынов көшесіндегі көпқабатты тұрғын үйге күрделі жөндеу жұмысының, Шиелі кентінде М. Зеекев, Бөлтекейұлы, Бұланбай бау елді мекеніндегі Б. Айтуғанов көшелеріндегі су құбырының құрылысына жоба сметалық құжатын әзірлеп, сараптаманың қортындысын алуға, Тұрсынбай датқа, Бұланбай бау елді мекеніндегі ауыз су құрылысының ішкі желілеріне (су ұңғымасын, су мұнарасы, су қоймасын)  жобасына жоба сметалық құжатын сараптаманың оң қортындысын алғанға дейін сүймелдеуге 13 млн 190 мың теңге, 9 қабатты көппәтерлі тұрғын үйдің техникалық жағдайын және бағалау 1 млн 200 мың теңге, қызметтік тұрғын үйлерді ағымдағы жөндеу жұмыстарына 1 млн теңге, барлығы  15 млн 390 мың теңге;

           Ауылшаруашылығы және жер бөліміне қызметтік автокөліке қасалқы бөлшектер алуға 600 мың теңге;

           Мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне кітапхананың жаңадан тоқ көздерін жүргізуге 428 мың теңге, мәдени іс-шараларды ұйымдастыру қызметіне 10 млн теңге, мәдениет үйін күрделі жөндеу жұмысына 79 млн           935 мың теңге, спортшыларды жарыстарға қатыстыру іс-шарасына 5 млн теңге, барлығы 95 млн 363 мың теңге;

           Экономика және қаржы бөліміне қызметтік ғимараты жай жөндеу жұмысына 7 млн теңге;

           Қоғамдық даму бөліміне қызметтік автокөліке қасалқы бөлшектер алуға
1 млн теңге, ақпараттық құралдарына 5 млн теңге (газет, телеведение), барлығы 6 млн теңге;

           Жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал атілерін тіркеу бөліміне көрсетілген қызметтер ақысының берешегі 2 млн 970 мың теңге (сот шешіміне сәйкес), үйден тәрбиеленіп оқытылатын мүгедек баларға материалдық қамтамасыз ету 4 млн теңге,  мүгедектердің гигениалық құралдармен және мүгедектерге жеке көмекшісінің есту бойынша тіл маманының қызмет көрсетуге 20 млн теңге, аудандық отбасын қолдау орталығы құрылуына байланысты  күтіп ұстау шығындарына 5 млн 180 мың теңге, барлығы 32 млн 150 мың теңге бөлінуде.

         Сонымен қатар бюджеттік бағдарлама әкімшілеріне ішінара өзгерістер енгізілуде Құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөліміне  Шиелі кенті 18 пәтерлі 5 тұрғын үйдің сыртқы электр желісін салу бағдарламасынан 6 млн                        199 мың теңге, Байсын ауылының инфрақұрылымы құрылысы, жұмыс жобасы бойынша ЖСҚ әзірлеп,  сараптаманың оң қорытындысын алғанға дейін сүйемелдеу бағдарламасынан 12 млн 156 мың теңге, барлығы 18 млн 355 мың теңгені шегеріп, инфрақұрылымды жобалау, дамыту және жайластыру бағдарламасына ауыстыруға;

           Шиелі кенті, Береке мөлтек ауданына таратылатын газ құбыры мен орманішілік газ тарату желілерін салу" жұмыс жобасы бойынша жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеп, ведмостводан тыс кешенді сараптаманың оң қорытындысын алғанға дейін сүйемелдеу бағдарламасынан 9 млн 527 мың теңгені шегеріп, газ тасымалдау жүйесін дамыту бағдарламасына  ауыстыру;

           Мәдениет және спорт бөлімінен мемлекеттік органның күрделі шығыстарынан 25 млн 8 мың теңгені шегеріп,  мәдени-демалыс жұмысын қолдау  шараларына ауыстыру;

           Аппарат шығынынан 350 мың теңгені шегеріп, тарихи-мәдени ескерткішті мемлекеттік тізімге енгізу немесе тізімнен шығару жұмыстарына ауыстыру;

           Жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал атілерін тіркеу бөлімінің аппарат шығындарынан (тең қоғам әлеуметтік жобасынан)
8 млн 200 мың теңгені шегеріп, отбасын қолдау бағдарламасына ауыстыру;

           Тұрғын үй көмегінен 15 млн теңгені, әлеуметтік төлемдерден 10 млн теңге, барлығы 25 млн теңгені  шегеріп, мүгедектердің гигениалық құралдармен, жеке көмекшілердің қызметіне ауыстыру жоспарлануда.

Дата публикации
01 сентября 2023