Шиелі аудандық сайлау комиссиясы Керделі ауылдық округі әкіміне кандидаттарды тіркеді «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 113-5-бабының 9 тармағына сәйкес Шиелі аудандық сайлау комиссиясы хабарлайды:

Шиелі аудандық сайлау комиссиясы Керделі ауылдық округі әкіміне кандидаттарды тіркеді 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 113-5-бабының 9 тармағына сәйкес Шиелі аудандық сайлау комиссиясы хабарлайды:

2023 жылғы 17 қыркүйекке тағайындалған сайлауда Керделі ауылдық округ әкіміне кандидат болып тіркелді:

Баймағанбетов Дәулет Әлмағанбетұлы – 1979 жылы туылған, қазақ, "Шиелі аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" КММ, қаржы- шаруашылық секторының меңгерушісі, Шиелі ауданы, Ш.Қодаманов ауылында,  өзін-өзі ұсынған, партияда жоқ.

Ыханов Галымжан Шайыкович – 1974 жылы туылған, қазақ,  Керделі ауылдық округі әкімінің аппараты КММ, әкім, Шиелі ауданы, Нартай ауылында тұрады, «AMANAT»  партиясы ұсынған, «AMANAT»  партиясының мүшесі.

Примбетов Кайыркен Дайрабаевич – 1990 жылы туылған, қазақ, "Жуантөбе ауылдық округі әкімінің аппараты" КММ, шаруашылық есебін жүргізу және әлеуметтік саланы дамыту ісі жөніндегі бас маманы,  Шиелі кентінде тұрады,  өзін-өзі ұсынған, «AMANAT» партиясының мүшесі.

Дата публикации
28 августа 2023