2023 жылғы 23 тамыз күні, сағат 18:00-де кандидаттарды ұсыну кезеңі аяқталды. Керделі ауылдық округі әкіміне барлығы 3 кандидат, олардың ішінде 1-і (33,3%) – саяси партиядан, 2-і (66,6%) – өзін өзі ұсыну жолымен ұсынылды.
Орташа бәсекелестік бір орынға 3 адам құрады.
Қазіргі уақытта ұсынылған кандидаттардың заңнама талаптарына сәйкестігін анықтау және кандидаттарды тіркеу бойынша шаралар жүргізілуде. Тіркеу 2023 жылғы 28 тамыз, сағат 18:00-де аяқталады.
Кандидаттар шығып қалған және баламалылық болмаған (сайлау округінде екіден аз кандидат) жағдайда, заңнамаға сәйкес ұсыну мерзімі бес күннен аспайтын уақытқа ұзартылады.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-5 бабының 9 тармағына сәйкес кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы ақпарат БАҚ жарияланады.