Керделі ауылдық округі әкіміне кандидаттардың ұсынылуы туралы хабарлама

 Керделі ауылдық округі әкіміне кандидаттардың ұсынылуы туралы хабарлама

2023 жылғы 21 тамызда Шиелі аудандық сайлау комиссиясына, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-3 бабына сәйкес, өзін-өзі ұсыну тәртібімен Керделі ауылдық округі әкімін сайлауына 2 кандидат құжаттарын тапсырды:

Баймағанбетов Дәулет Әлмағанбетұлы

Примбетов Кайыркен Дайрабаевич

Шиелі аудандық сайлау комиссиясы ауылдық округ әкімін сайлау бойынша кандидаттардың оларға «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы», ҚР Конституциялық заңында, Мемлекеттік қызмет туралы Заңында белгіленген талаптарға сәйкестігін тиісті органдарға сұраулар салу негізінде анықтайды.

2023 жылғы 17 қыркүйекке тағайындалған Керделі ауылдық округі әкімін сайлау бойынша күнтізбелік жоспарға сәйкес кандидаттарды ұсыну ағымдағы жылдың 10 тамызынан 23 тамызына дейін сағат 18-00ге дейін жүзеге асырылады.

Дата публикации
23 августа 2023