Керделі ауылдық округі әкіміне кандидаттардың ұсынылуы туралы хабарлама

Керделі ауылдық округі әкіміне кандидаттардың ұсынылуы туралы хабарлама

2023 жылғы 22 тамызда Шиелі  аудандық сайлау комиссиясына, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-3 бабының 1 және 2 тармағына сәйкес, Керделі ауылдық округі әкімінің сайлауына «AMANAT» партиясының ұсыну тәртібімен 1 кандидат құжаттарын тапсырды:

Ыханов Галимжан Шайыкович

Шиелі аудандық сайлау комиссиясы Керделі ауылдық округ әкімін сайлау бойынша кандидаттардың оларға «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы», ҚР Конституциялық заңында, Мемлекеттік қызмет туралы Заңында белгіленген талаптарға сәйкестігін тиісті органдарға сұраулар салу негізінде анықтайды.

2023 жылғы 17 қыркүйекке тағайындалған Керделі ауылдық округі әкімін сайлау бойынша күнтізбелік жоспарға сәйкес кандидаттарды ұсыну ағымдағы жылдың 10 тамызынан 23 тамызына дейін сағат 18-00ге дейін жүзеге асырылады.

Дата публикации
23 августа 2023