Шиелі ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы анықтама

 Шиелі ауданының жалпы жер көлемі 3 239 755 га.

Қазіргі таңда аудандағы 39 елді мекенде барлығы 85739 адам тұрады. Оның ішінде кент орталығында 36203 адам, ауылдық елді – мекендерде 49536 адам тұрады.

2023 жылдың 1 тамызға ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы көрсеткіштері статистика органдарымен қортындыланды.

Жалпы экономикалық тұрғыдан алғанда ауданда тұрақты жағдай қалыптасты.

Қаржы-салық саясаты.

Кірістер бойынша:

Аудандық бюджеттің кірісі 2023 жылдың 1 тамызға болжамдалған  6 млрд. 197 млн. 635 мың теңгенің орнына 6 млрд. 799 млн. 872 мың. теңгеге немесе 109,7 пайызға, оның ішінде аудандық бюджеттің өз кірісі болжамдалған  2 млрд. 384 млн. 441 мың. теңгенің орнына 3 млрд. 4 млн. 960 мың теңге болып 126,0  пайызға орындалды.

Шығыстар бойынша:

Аудан бюджеті ағымдағы жылдың 1 тамызға жалпы
6 млрд. 305 млн. 319 мың теңгеге жоспарланды. 7 айдың қорытындысымен 6 млрд. 131 млн. 864 мың теңгеге немесе 97,2 пайызға орындалды.  

Өнеркәсіп өнімін өндіру.

Ауданның өнеркәсіп өнімдерін өндіруші мекемелері мен кәсіпорындары ағымдағы жылдың 7 айында 43 млрд. 334 млн. теңгенің өнеркәсіп өнімдерін өндірді, 2022 жылдың осы кезеңінің салыстырмалы бағасымен алғанда 101,3 пайызды құрады.

Өңдеу өнеркәсібі өнімі көлемі 19 млрд 570 млн. теңгеге жетіп, 98,3 пайызды құрады.

Негізгі капиталға салынған инвестицияның көлемі
20 млрд. 858 млн теңгені құрады немесе 2022 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 235,4 пайызды құрады.

Жалпы құрылыс жұмыстарының көлемі 7 млрд. 252 млн теңге болып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 179,7 пайызды құрады.

Жеке тұрғын үй құрылысы жалпы ауданы 37691 шаршы метрді құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 103,4 пайызды құрады.

Бөлшек сауда көлемі 5 млрд. 847 млн теңге болып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 105,0 пайызды құрады.

 Ауылшаруашылық саласы.

Аудан бойынша ауылшаруашылығы құрылымдары 8 млрд. 456 млн. теңгенің өнімін өндірді, былтырғы жылдың осы кезеңінің салыстырмалы бағасымен алғанда 101,4  пайызды  құрады.

2023 жылдың 1 тамызға тірілей салмақта 2997,7 тонна ет, 11361,3 тонна сүт, 1372,7 мың дана жұмыртқа өндіріліп, тиісті кезеңмен салыстырғанда ет 102,0 пайызға, сүт 102,3 пайызға, жұмыртқа 83,6 пайызға  орындалған.

Мал шаруашылығы

         2023 жылдың 1 тамызға ірі қара 93161 басты, уақ мал 145967 басты, жылқы 25465 басты, түйе 1705 басты, құс 30079 басты құрап, тиісті кезеңмен салыстырғанда ірі-қара 104,1 уақ мал 107,1, жылқы 107,1, түйе 103,0  пайызды құрады.

Шағын кәсіпкерлік.

2023 жылдың 1 тамызға ауданда тіркелген шағын және орта кәсіпкерліктің саны 7525 субъектіге жетіп, тиісті кезеңмен салыстырғанда 135,2 пайызды құрады. (жеке кәсіпкер-4842, шаруа қожалық-2124, заңды тұлға-559) Оның ішіндегі жұмыс жасап тұрған кәсіпкерлердің саны  7269-ды құрап, жұмыс жасап тұрған кәсіпкерлердің үлесі 96,6 % -ға жетті.

Әлеуметтік сала.

Статистикалық мәліметтерге сәйкес аудан бойынша статистикалық мәліметтерге сәйкес 36213 экономикалық белсенді халықтың 34406 адамы жұмыспен қамтылған. Жұмыссыздар саны 1807 адам, жалпы жұмыссыздық деңгейі 5,0 пайызды құрайды.

2023 жылы 3096 жаңа жұмыс орындарын құру жоспарланып, есепті мерзімге 1962 жаңа жұмыс орны ашылды немесе жылдық жоспар 63,4 пайызға орындалды.

Анықтама
Дата публикации
15 августа 2023