Керделі ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындау туралы

Керделі ауылдық округі

әкімінің сайлауын тағайындау туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 14-бабының 8-1) тармақшасына сәйкес және                  113-1-бабының 2-тармағының негізінде Шиелі ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Керделі ауылдық округі әкімінің сайлауы 2023 жылғы 17 қыркүйекке тағайындалсын.
  2. Керделі ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу және өткізу бойынша негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары осы қаулының  қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  3. Осы қаулы Шиелі ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсының «Сайлау» бөліміне орналастырылсын және «Өскен өңір» газетінде жариялансын.

                           Шиелі аудандық  сайлау комиссиясының төрағасы                                                   М.Дулатов

 

 

Шиелі кенті,

АСК-01/05

9 тамыз 2023 жыл

Дата публикации
09 августа 2023