Инватакси қызметін алушылар санатын кеңейту туралы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Қазақстан Республикасының әлеуметтік кодексі» Қазақстан Республикасының  2023 жылғы 20 сәуірдегі №224-VII ҚРЗ Кодексі, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушысының 2013 жылғы  1 қарашадағы №859 «Автомобиль көлігімен мүгедектігі бар адамдарды тасымалдау жөнінде қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №8950 тіркелген) бұйрығымен бекітілген автомобиль көлігімен мүгедектігі бар адамдарды тасымалдау жөнінде қызметтер көрсету қағидаларының 31-тармағына сәйкес Шиелі ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Шиелі ауданының аумағында инватакси қызметін алушылардың санаттары келесі тұлғалар санаттарымен кеңейтілсін:

1) бірінші топ мүгедектігі бар тұлғалар;

          2) жүріп-тұруы қиын мүгедектігі бар балалар;

          3) аутистік спектрдің бұзылуы бар мүгедектігі бар балалар.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау Шиелі ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына  жүктелсін.
  2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Лауазымы

 

 

 

 

 

Аты-жөні

 

 

 

 



doc.kz
Дата публикации
01 августа 2023