Жерлеуге берілетін төлем мөлшері ұлғайды
Осыған дейін хабарлағанымыздай, 2023 жылдың 1 шілдесінен бастап Әлеуметтік кодекс күшіне енеді. Онда жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысты бірқатар жаңалықтар қамтылған.
Мәселен, Әлеуметтік кодекске енгізілген өзгерістерге сәйкес, БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар адам қайтыс болған жағдайда, оның отбасы мүшелеріне қайтыс болған адамның зейнетақы жинақтары қаражаты есебінен республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген 94 еселенген айлық есептік көрсеткіш (АЕК) шегінде, бірақ қайтыс болған адамның жеке зейнетақы шотындағы (ЖЗШ) қаражатынан көп емес мөлшерде жерлеуге арналған біржолғы төлем беріледі.