Аудан әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөнiндегi аудандық комиссия туралы ЕРЕЖЕ

Аудан әкімі  жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөнiндегi аудандық комиссия туралы

ЕРЕЖЕ

 

  1.                          Жалпы ережелер

 

  1.   Аудан әкім жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөнiндегi аудандық комиссия (бұдан әрi - Комиссия) Шиелі ауданы әкімінің «бұдан әрі-әкім) жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
  2.         Комиссия қызметiнiң құқықтық негiзiн Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдары, Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерi, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерi, сондай-ақ осы Ереже құрайды.

 

  1. Комиссияның негiзгi мiндеттерi

 

  1. Комиссияның негiзгi мiндеттерi:

      1) "Қазақстан-2050" Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты", Қазақстан Республикасындағы 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасы мен Қазақстан қатысушысы болып табылатын отбасы және гендерлік теңдік мәселелері жөніндегі халықаралық шарттардың аясында, отбасына, әйелдер мен ерлердің теңдігіне қатысты басымдықтарды айқындау, кешенді мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру жөнінде ұсынымдар тұжырымдау;

      2) мемлекеттiк органдармен және азаматтық қоғам институттарымен отбасының мүдделерiн қорғау, Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Мыңжылдық декларациясын, Қазақстан Республикасындағы 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасын iске асыру мәселелерi жөнiнде өзара iс-қимыл жасау;

      3) әйелдердің жағдайы мен отбасылық-демографиялық ахуал мәселелерiн талдау және гендерлiк және отбасылық-демографиялық саясаттың негiзгi бағыттары бойынша  ұсыныстар мен ұсынымдарды әзірлеу;

экономикалық салада әйелдер мен ерлер мүмкіндіктері теңдігіне қол жеткiзуге, әйелдер арасында кәсiпкерлiктi одан әрi дамытуға, еңбек нарығында әйелдердiң бәсекеге қабiлеттiлігiн арттыруға;

еңбек қызметiн үй шаруасы мiндеттерiмен және бала тәрбиесiмен ұштастыру жөнiнде отбасы мүшелерiне жағдай жасауға;

отбасы институтын нығайтуға, отбасы қарым-қатынастарында әйелдер мен ерлер мүмкіндіктері теңдігіне қол жеткiзуге;

халықтың денсаулығын, оның iшiнде ұрпақты болу денсаулығын сақтау мен бекемдеу, өмiр сүру деңгейiн арттыру жөнiндегi шаралар кешенiн әзiрлеуге;

отбасындағы және жұмыс орнындағы зорлық-зомбылықты түбiрiмен жоюға және ерлерге, әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылыққа қарсы күрестiң халықаралық тәжiрибесiн енгізуге;

халыққа гендерлiк бiлiм беру мен оқу-ағартуға, қоғамның экономикалық, әлеуметтiк, саяси және мәдени өмiрiндегi отбасының, әйелдер мен ерлер мүмкіндіктері теңдігінің нақты жағдайын талдау мақсатында ғылыми зерттеулер жүргiзуге, ақпараттық базаны қалыптастыруға;

демографиялық жағдайды жақсартуға жәрдемдесу;

4) Комиссияның құзыретiне кiретiн проблемалар бойынша мемлекеттiк органдардың, халықаралық ұйымдардың және қоғамдық бiрлестiктердiң ұсыныстарын қарау, олар бойынша тиiстi ұсынымдар дайындау;

5) Аудандағы отбасы және гендерлiк теңдiк жағдайы аспектiлерiнiң неғұрлым толық көрiнiс табуы мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара iс-қимыл жасау;

6) отбасы мәселелерiне, жыныстар теңдігінің сақталмауына қатысты азаматтардың өтiнiштерiн, бұқаралық ақпарат құралдарының хабарларын қарау;

7) отбасы және әйелдер жағдайын жақсартуға бағытталған заңнамалық және өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын дайындауға және қарауға қатысу;

8) гендерлiк-құқықтық сараптамаға бастамашылық жасау және оны жүргiзу;

9) мемлекеттiк органдармен және халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық, халықаралық бастамаларды iске асыру жөнiндегi ұсыныстарды тұжырымдау, әйелдер, отбасы және демография жағдайы мәселелерi жөнiндегi конференцияларға, кеңестерге, семинарларға қатысу болып табылады.

  1. Комиссияның өкiлеттiктерi
  2. Комиссия өз құзыретi шегiнде:

1) Аудан әкімдігі жанындағы комиссиялардың қызметiн үйлестiруге, олардың қызметi туралы есептердi тыңдауға;

2) әйелдердiң кандидатураларын басшы лауазымдарға жылжытуға жәрдемдесуге хақылы.

3) Азаматтардан келiп түскен өтiнiштердi, бұқаралық ақпарат құралдарының хабарларын қарау қорытындылары бойынша Комиссия материалдарды мәнi бойынша шешiм қабылдау үшiн тиiстi мемлекеттiк органның немесе лауазымды адамның қарауына жiбере алады.

4) Комиссия мүшелерi шақыру бойынша мемлекеттiк органдардың жыныстар теңдігі, отбасы және демография мәселелерi бойынша отырыстарына қатыса алады.

5) Сараптамалық-талдамалық зерттеулер жүргізу үшін Комиссия жанынан ғылыми мекемелер, білім беру ұйымдары және үкіметтік емес ұйымдар өкілдерінен қоғамдық негізде жұмыс істейтін сараптамалық кеңес құрылады.

        Сараптамалық кеңестің құрамы Комиссияның отырысында бекітіледі.

  1. Комиссия жұмысын ұйымдастыру

6) Комиссия төрағадан, төраға орынбасарларынан және оның мүшелерінен тұрады. Аудан әкімдіг жанындағы оның дербес құрамын айқындайды.

7) Комиссияның отырыстары қажеттiлiгiне қарай, бiрақ тоқсанына кемiнде бiр рет өткiзіледi.

        8) Комиссия отырыстарының, егер оларға Комиссия мүшелерiнiң жалпы санының кемiнде жартысы қатысса, құқықтық күшi бар болып саналады.

       9) Комиссияның отырысқа қатысушы мүшелерi санының қарапайым көпшiлiк дауысымен Комиссия шешiм қабылдайды. Дауыстар тең болған кезде төрағалық етушiнiң даусы шешушi болып табылады.

10) Комиссияның шешiмдерi хаттамалармен ресiмделедi.

  1. Комиссияның төрағасы:

1) Комиссияның дербес құрамы бойынша ұсыныстар енгiзедi;

2)Комиссияның қызметiн ұйымдастырады және оған басшылық жасайды;

3) Комиссия отырыстарының күн тәртiбiн белгiлейдi;

4) Комиссия отырыстарын шақырады және оларға төрағалық етеді. Комиссия төрағасы болмағанда отырыстарға Комиссия төрағасы орынбасарларының бірі төрағалық етеді;

5) Комиссия мүшелерiнiң арасынан Комиссия отырысында қаралатын нақты мәселе бойынша баяндамашыны белгiлейдi;

6) Аудан әкімінің алдында Комиссия жұмысының қорытындылары бойынша жүйелi түрде есеп бередi.

7) Комиссия төрағасы болмаған кезде Комиссияның қызмет құжаттарына, ұсынымдары мен қорытындыларына Комиссия төрағасы орынбасарларының бірі қол қояды.

  1. Комиссия қызметiн қамтамасыз ету

8). Комиссияның қызметiн ақпараттық-талдау және ұйымдық қамтамасыз етудi «Шиелі ауданының қоғамдық даму бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жүзеге асырады.

Дата публикации
26 июня 2023