Шиелі ауданының жалпы жер көлемі 3 239 755 га.
Қазіргі таңда аудандағы 39 елді мекенде барлығы 85607 адам тұрады. Оның ішінде кент орталығында 36283 адам, ауылдық елді – мекендерде 49324 адам тұрады.
2023 жылдың 1 маусымға ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы көрсеткіштері статистика органдарымен қортындыланды.
Жалпы экономикалық тұрғыдан алғанда ауданда тұрақты жағдай қалыптасты.
Қаржы-салық саясаты.
Кірістер бойынша:
Аудандық бюджеттің кірісі 2023 жылдың 1 маусымға болжамдалған 3 млрд. 866 млн. 922 мың теңгенің орнына 4 млрд. 351 млн 597 мың. теңгеге немесе 112,5 пайызға, оның ішінде аудандық бюджеттің өз кірісі болжамдалған 1 млрд 814 млн. 317 мың. теңгенің орнына 2 млрд. 298 млн. 992 мың теңге болып 126,7 пайызға орындалды.
Шығыстар бойынша:
Аудан бюджеті ағымдағы жылдың 1 маусымға жалпы
3 млрд. 373 млн. 456 мың теңгеге жоспарланды. 5 айдың қорытындысымен 3 млрд. 339 млн. 3 мың теңгеге немесе 99,0 пайызға орындалды.