АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

Әлеуметтік кодекстің күшіне енуіне орай  жинақтаушы зейнетақы жүйесінде не өзгереді? 

 Осы жылдың 1 шілдесінен бастап Әлеуметтік кодекс күшіне енеді, онда зейнетақы жүйесіне қатысты бірқатар өзгертулер қарастырылған. 

 Салымшылардың инвестициялық мүмкіндіктері кеңейеді 

Міндетті зейнетақы жарналары және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқарушының (ИПБ) сенімгерлік басқаруына беру кезінде зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткіліктілік шегі бұдан былай ескерілмейді. Әлеуметтік кодекс күшіне енген кезден бастап салымшы аталған зейнетақы жинақтарының 50% дейін ИПБ-ның сенімгерлік басқаруына беруге құқылы.

Сондай-ақ, ерікті зейнетақы жинақтары бар салымшылар аталған зейнетақы жинақтарының 100%  дейін ИПБ-ға бере алады.

Зейнетақы жинақтарын ИПБ-ның сенімгерлік басқаруынан Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сенімгерлік басқаруына қайтару мерзімі 1 жылға қысқарады. Қазір бұл мерзім 2 жылға тең.

қаз
Дата публикации
10 июня 2023