Жыл басынан бері жеке зейнетақы шоттарының жай-күйі туралы 8, 3 млн үзінді көшірме берілді
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларға (алушыларға) ағымдағы жылдың 4 айында (01.01.2023 ж.бастап 01.05.2023 ж. дейінгі кезеңде) жеке зейнетақы шоттарының (ЖЗШ) жай-күйі туралы 8,3 млн үзінді көшірме берді. Оның ішінде 6,09 млн (73,3 %) – электрондық форматта, 1,99 млн (24%) – автоматты режимде, 193,5 мыңы (2,3%) – Қор кеңселерінде, барып қызмет көрсету арқылы 28,9 мың (0,3%). Осылайша, ЖЗШ-дан үзінді көшірме беру БЖЗҚ-ның ең танымал қызметі болып есептеледі.
Жалпы, 4 айда Қор салымшыларға (алушыларға) шамамен 8,97 млн қызмет көрсетті. Оның ішінде, электрондық форматта - 6,11 млн, автоматты түрде – 2,16 млн. қызмет жүзеге асырылып, жалпы көлемінің 92,26% астамы қашықтықтан ұсынылды.