Шиелі ауданының әлеуметтік-экономикалық
дамуы туралы анықтама
Шиелі ауданының жалпы жер көлемі 3 239 755 га.
Қазіргі таңда аудандағы 39 елді мекенде барлығы 85536 адам тұрады. Оның ішінде кент орталығында 36256 адам, ауылдық елді – мекендерде 49280 адам тұрады.
2023 жылдың 1 мамырға ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы көрсеткіштері статистика органдарымен қортындыланды.
Жалпы экономикалық тұрғыдан алғанда ауданда тұрақты жағдай қалыптасты.
Қаржы-салық саясаты.
Кірістер бойынша:
Аудандық бюджеттің кірісі 2023 жылдың 1 мамырға болжамдалған 2 млрд. 640 млн. 493 мың теңгенің орнына 3 млрд. 84 млн 324 мың. теңгеге немесе 116,8 пайызға, оның ішінде аудандық бюджеттің өз кірісі болжамдалған 1 млрд 291 млн. 988 мың. теңгенің орнына 1 млрд. 735 млн. 819 мың теңге болып 134,4 пайызға орындалды.
Шығыстар бойынша:
Аудан бюджеті ағымдағы жылдың 1 мамырға жалпы
2 млрд. 332 млн. 132 мың теңгеге жоспарланды. 4 айдың қорытындысымен 2 млрд. 330 млн. 905 мың теңгеге немесе 99,9 пайызға орындалды.
Өнеркәсіп өнімін өндіру.
Ауданның өнеркәсіп өнімдерін өндіруші мекемелері мен кәсіпорындары ағымдағы жылдың 4 айында 21 млрд. 175 млн. теңгенің өнеркәсіп өнімдерін өндірді, 2022 жылдың осы кезеңінің салыстырмалы бағасымен алғанда 102,1 пайызды құрады.
Өңдеу өнеркәсібі өнімі көлемі 8 млрд 549 млн. теңгеге жетіп, 102,9 пайызды құрады.
Негізгі капиталға салынған инвестицияның көлемі
9 млрд. 451 млн теңгені құрады немесе 2022 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 2,5 есені құрады.
Жалпы құрылыс жұмыстарының көлемі 1 млрд 156 млн теңге болып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 8,9 есені құрады.
Жеке тұрғын үй құрылысы жалпы ауданы 16178 шаршы метрді құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 100,5 пайызды құрады.
Бөлшек сауда көлемі 3 млрд. 388 млн теңге болып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 101,8 пайызды құрады.
Ауылшаруашылық саласы.
Аудан бойынша ауылшаруашылығы құрылымдары 3 млрд. 995 млн. теңгенің өнімін өндірді, былтырғы жылдың осы кезеңінің салыстырмалы бағасымен алғанда 101,5 пайызды құрады.
2023 жылдың 1 мамырға тірілей салмақта 1576,8 тонна ет, 5742,2 тонна сүт, 610,2 мың дана жұмыртқа өндіріліп, тиісті кезеңмен салыстырғанда ет 101,9 пайызға, сүт 102,6 пайызға, жұмыртқа 74,9 пайызға орындалған.
Мал шаруашылығы
2023 жылдың 1 мамырға ірі қара 80661 басты, уақ мал 128591 басты, жылқы 26116 басты, түйе 1694 басты, құс 32250 басты құрап, тиісті кезеңмен салыстырғанда ірі-қара 109,0 уақ мал 106,7, жылқы 109,3 түйе 99,9 пайызды құрады.
Шағын кәсіпкерлік.
2023 жылдың 1 мамырға ауданда тіркелген шағын және орта кәсіпкерліктің саны 7320 субъектіге жетіп, тиісті кезеңмен салыстырғанда 138,3 пайызға артты. (жеке кәсіпкер-4603, шаруа қожалық-2155, заңды тұлға-562) Оның ішіндегі жұмыс жасап тұрған кәсіпкерлердің саны 7109-ды құрап, жұмыс жасап тұрған кәсіпкерлердің үлесі 97,1 % -ға жетті.
Әлеуметтік сала.
Статистикалық мәліметтерге сәйкес аудан бойынша статистикалық мәліметтерге сәйкес 36 213 экономикалық белсенді халықтың 34 406 адамы жұмыспен қамтылған. Жұмыссыздар саны 1807 адам, жалпы жұмыссыздық деңгейі 5,0 пайызды құрайды.
2023 жылы 3096 жаңа жұмыс орындарын құру жоспарланып, есепті мерзімге 1549 жаңа жұмыс орны ашылды немесе жылдық жоспар 50 пайызға орындалды.