АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА
Мүгедектігі бар адамдарға БЖЗҚ-дан берілетін зейнетақы төлемдері туралы
БЖЗҚ өз салымшыларына (алушыларына):
міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және мерзімсіз белгіленген бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі,
ерікті зейнетақы жарналары және тобы мен мерзіміне қарамастан мүгедектігі бар адамдар БЖЗҚ-дағы зейнетақы жинақтары есебінен белгіленген кесте бойынша жалпыға бірдей белгіленген зейнет жасына толғанға дейін зейнетақы төлемдерін алуға құқылы екені туралы хабарлайды.