Жыл басынан бері БЖЗҚ мамандары қашықтықтан берілген 130 мыңға жуық өтінішті өңдеді

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

 

Хабарласыңыз, Сізге міндетті түрде жауап береді!

 

Жыл басынан бері БЖЗҚ мамандары

қашықтықтан берілген 130 мыңға жуық өтінішті өңдеді

 

        БЖЗҚ салымшылар мен алушыларға түрлі байланыс арналары арқылы қызмет көрсетеді. Олардың ішіндегі ең ыңғайлысы – enpf.kz сайтындағы Жеке кабинет (бұл туралы мына жерден оқи аласыз)

       Сонымен қатар, қажетті ақпаратты дауыстық және дауыстық емес байланыс арналары арқылы алу мүмкіндігі бар. Мысалы, Қор операторларынан 1418 қысқа нөмірі бойынша сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін барлық сұрақтар бойынша кеңес алуға болады. Қоңырау шалу тегін және еліміздің кез келген ұялы байланыс операторының телефон нөмірлерінен, сондай-ақ, стационарлық (қалалық) телефоннан қолжетімді. Ағымдағы жылдың алғашқы үш айында ғана 95 мыңнан астам осындай қоңырау шалулар өңдеуден өтті.

Дата публикации
03 мая 2023